Қырымда – тағы жарылыс. Бұл жолы Жанкой жанып жатыр (видео)
СИМФЕРОПОЛЬ. 16 тамыз. Сейсенбі күні таңертең Қырымның Жанкой ауданында жарылыс орын алды. Бұл туралы The Moskow Times хабарлады.
Жергілікті билік қазір оқыс оқиға орын алған ауданның бес шақырымдық аумағынан жұрттың көшіріліп жатқанын жеткізді.
Іс жүзінде түбекте бір мезгілде осындай екі инцидент тіркелген. Жанкойдың өзінде жарылыс даусы шыққаннан кейін трансформатор подстанциясы отқа оранса, Май кентінде қару-жарақ қоймасы жарылып кеткен.
«16 тамыз күні сағат таңғы 6:15 шамасында Май елді мекеніндегі әскери бөлімшелердің бірінде уақытша қару-жарақ сақтау қоймасының территориясында оттың лаулап жану дерегі орын алды», – деп баяндады Ресей Қорғаныс министрлігіндегілер.
Май аумағында эвакуация жұмыстары жүргізіліп жатыр, қазірге дейін екі мыңнан астам адам әкетілді. Жұрттың көбі өз көліктерімен кетіп барады, қалған шенеуніктерді автобуспен әкету жаспарланыпты.
Жергілікті әкімшілік кенттің жанындағы бұрынғы фермаға әскери нысан орналасқанын атап өтті.
Қырымның бастығы Сергей Аксенов екі оқиғаның кезінде екі адамның зардап шеккенін айтты. Біреуі жарықшақтан жарақат алған, екіншісі құлаған қабырғаның астында қалып қойған. Екеуінің де өмірлеріне қауіп жоқ.
Шенеунік Қырымдағы пойыздар маршруты қысқартылатынын айтты. Составтар Феодосия түбіне барып тоқтайды. Ал одан әрі жұрт автобуспен кетеді.
Ресейдің ресми тұлғалары әлі жарылыстар жөнінде түсіндірме бермей отыр. Солардың бірі – Қырым татарлары меджлисі лидерлерінің бірі Руфат Чубаров инциденттің сыртында украин әскерилері тұр деп есептейді.
«Жанкой ауданындағы Калан селосындағы орктардың әскери бөлімдеріне дәл соққы берілді», – деп жазды ол, кейін бұл жердің қару-жарақ қоймасы екенін атап көрсетті.