Ресей жағында соғысушы әскери күштер арасына жік түсті (видео)
КИЕВ. 16 тамыз. Ресей жағында соғысушы Донбастың екі облысы әскерлері арасында жік пайда болғаны айтылып жатыр. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Соғысты зерттеу институтының аналитиктері Украинаға қарсы соғысып жатқан әскери күштер арасында жік пайда болғанын баяндап отыр.
Қолда бар ақпарға қарағанда, «ЛХР» деп аталатын содырлар Донецк облысының жерінде соғысудан ресми түрде бас тартып, Луганск облысының сыртындағы соғыс қимылдарының тым жанкешті екеніне шағымданған.
Институт талдаушылары осыған орай луганскілік содырлардың топ болып тұрып, осының жайын баяндаған видеосын ұсынады. Ондағы сюжет шынында бұл екі облыс қарақшылары арасында өзара бәсеке бар екені байқалады. Сепаратистер бір-бірлерінің жерлері үшін опат болып кетуге құлықты емес.
Бүгін Ресей қарақшылық күштері Славянскінің солтүстік-батыс жағынан бірнеше рет шабуыл жасаған.
Оккупанттар армиясы сондай-ақ Северскінің шығысы мен оңтүстік-шығысынан, Бахмуттың солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысынан үздіксіз шабуыл жасап баққан.
Басқыншылар Донецкінің солтүстік-батысы мен оңтүстік-батысында ұрыс қимылдарына қатысқан. Сол сияқты Харьковтің солтүстік жағынан да штурмға көтерілген.