Түркия Украинада Bayraktar шығаратын зауыт ашқалы жатыр
АНКАРА. 8 тамыз. Түріктің Baykar Makina компаниясы Bayraktar беспилотнигі зауытын салу үшін Украинадан жер сатып алды. Бұл туралы «РБК-Украина» хабарлады.
Украинаның Түркиядағы елшісі Василь Боднар агенттікке берген сұхбатында осы жайында айтып өтті.
«Байрактарлар – өте маңызды қару, ол – біздің қарсылық соғысымыздың аңызы. Енді оны шығаратын зауыт өзімізде салынатын болды. Үкімет өткен аптада ғана екі жақты келісімді мақұлдады», – деді ол.
Елші сондай-ақ түрік компаниясының егесі зауыттың өзінің жобасын жасап қойғанын, оны жыл соңына дейін жүзеге асыруға дайын екенін айтты.
Боднар өз сөзінде мәселенің саяси жағы ғана емес, практикалық жағы да сөз болып отырғанын әңгімеледі. .
Украинада соғыс жүріп жатқанына қарамастан, екі жақты компаниялары да өз міндеттемелерін жүзеге асыруды жалғастыра бермекші.
26 шілдеде түрік БАҚ-тары РФ президенті Владимир Путиннің Түркия президенті Реджеп Ердоғанға Bayraktar өндірісін Ресейде де ашуды ұсынғанын жазды. Кейінірек Түркия қорғаныс өнеркәсіьі басқармасының бастығы Исмаил Демир биліктің жоспарында мұндай нәрсе болмағанын атап өтті.