ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Зеленский: РФ «референдум» өткізсе, ешқандай келіссөз болмайды

КИЕВ. 8 тамыз. Украина президенті Володимир Зеленский Ресей Украинаның оңтүстігінде жалған референдум өткізетін болса, келісссөз жүргізудің кез келген жолын жауып алатынын мәлімдеді. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

«Президент Володимир Зеленский егер Ресей Украинаның оңтүстігіндегі өзі басып алған территориялардың бірінде псевдореферендумдар өткізетін болса, біздің мемлекетімізбен келіссөз жүргізудің кез келген мүмкіндігін жауып тастайтынын айтты», – делінген хабарламада.

Украина лидері мұны кеше кешкілік жеткізген үндеуінде баяндады.

«Біздің мемлекетіміздің позициясы бұрын қандай болса, сондай болып қала береді: біз өзіміздің ештеңемізді бермейміз. Ал егер оккупанттар осы жалған референдумдар жолымен кететін болса, онда өзі үшін қазіргі мәурітте қалайда керек болып отырған Украинамен мен азат әлеммен келіссөз жүргізудің кез келген мүмкіндігін жабады», – деді Зеленский.

Президент жаз басталғаны оккупанттардың өздері басып алған аудандарда псевдореферендум өткізуге дайындалып жатқаны жайлы хабарлардың апта сайын пайда болып жатқанын атап өтті. Ол ресейліктерге осы ниеттерін жүзеге асыруға көмектесетін болса, заң алдында қатаң жауап беретін болатынын ескертті.

Барлаудың мәліметі бойынша, Ресей басқыншылары 11 қыркүйекте Херсон және Запорожье облыстарында «референдум»-сымақ өткізбекші болып жатыр екен.

Агрессорлар Запорожье облысында осы бопсаларын өткізу үшін арнайы «сайлау комиссиясын» да құрып қойыпты.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button