Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Украинадағы соғыс жаңа кезеңге көшкелі жатыр

 КИЕВ. 7 тамыз. Украинадағы соғыс жаңа кезеңге көшті: Ресей армиясы Николаев бағытында шабуылға шығуға дайындала бастады. Бұл туралы The Moskow Times хабарлады.

«Украинадағы соғыс оңтүстіктегі негізгі майданы 350 шақырымға созылатын жаңа фазаға көшеді. Қазір осы аудандарға Ресей әскерлері шоғырландырылып жатыр. Мұны өзі РФ армиясының жаңа шабуылға дайындалып жатқанын көрсетеді», – деп жазды портал Ұлыбритания барлау қызметінің дерегіне сілтеме жасап.

«Ресей әскери көліктерінің, танктерінің, артиллериялары мен басқа да техникаларының ұзыннан ұзын созылған керуені Донбастан оңтүстік-батысқа жылжып барады», – делінген арнайы қызмет мәліметінде.

«Украин және Ресей әскерилері оңтүстіктегі ұрыс қимылдарының төтенше белсенді кезеңінің басталуына дайындалып жатыр», – деп мәлімдеді Украина Оңтүстік қорғаныс күштері баспасөз қызметінің басшысы Наталия Гуменюк. «Ресей күштерінің екпінді топтарының Кривой Рог бағытыне екпінді топтарын қалыптастырып, резерв тартуға әрекет жасап жатқандары байқалады», – деді ол сосын.

Украинаның басып алынған аумақтарында қазір Ресейдің 25 мың солдаты бар. Олардың 10 мыңы Днепрдің батыс жағалауында, Николаевтің оңтүстік-шығысында тұр», – деп жазады басылым.

Газеттің ақпары бойынша, соңғы уақыттары Украинаның оңтүстігіне Донбасс пен Қырымнан Ресейдің тоғыз бөлімшесінен 500-800 адам әкелінген. Бұл Киевтің Украина Қарулы күштері қарсы шабуылды дайындап жатқаны туралы мәлімдемесіне жауап болып тұрған сияқты.

Киев Ресейдің Николаевты қоршауға алуға әрекет етіп жатқанын баяндады. Украина президенті офисі басшысының кеңесшісі Олексий Арестовичтің айтуынша, Донбастан тасталатын әскерлердің негізін десантшылар құрайды.

 

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button