Кремль Херсонда партизан соғысы күшеюінен қорқа бастады
КИЕВ. 1 шілде. Ресей билігі Украинаның Херсон облысындағы партизан қозғалысының барған сайын қарқын алып келе жатқанынан шошуға қарады. Бұл туралы gordonua.com хабарлады.
Херсон облысында Ресейге бүйрегі бұратын шенеуніктерге жасалып жатқан шабуылдар Украинаның оңтүстігінде қарапайым тұрғындар арасында басқыншыларға қарсы қозғалыстың күшейгенін білдіреді. Мұның толыққанды партизан соғысына айналып кетуі әбден мүмкін.
«Ықтимал коллаборанттар, олардың ішіндегі ең көрнектілері өлтіріледі, ал қалғандары ұдайы үреймен өмір сүретін болады», – деп жазды CNN арнасының сайты.
«Кремль Херсонда партизандардың өсіп келе жатқан белсенділігіне тап бола бастады», – деп атап өтті АҚШ Ұлттық барлауының директоры Аврил Хейнс.
Оның пікірінше, РФ қарулы күштерінің бір бөлігін Донбасқа шабуыл жасауға алып кеткеннен кейін Херсонды бақылауда ұстайтын шамада болмай қалған.
Соңғы үш аптада аймақта оккупациялық билікпен қызмет жасасатын шенеуніктерге үш рет шабуыл жасалды. Олардың екеуі тірі қалса, біреуі өлтірілді.