Cтолтенберг кейін Украинаның да НАТО-ға кіре алатынын мәлімеді
МАДРИД. 1 шілде. НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Украинаның да Швеция мен Финляндия сияқты мүшелікке өту жоспарынсыз қабылдана алатынын айтты. Бұл туралы gordonua.com хабарлады.
«Солтүстік альянс елдері Ресей Федерациясының басқыншылығына қарсы соғысып жатқан Украинаға қолдау көрсетуге жұмылған», – деді Столтенберг НАТО-ның Мадридте өткен саммиті кезінде.
Баспасөз мәслихатында Украина президенті Владимир Зеленский де видеобайланыс арқылы қатысты. Жиында залдағылар Столтенбергтен украин лидерінің сөзіне қалай қарайтыны, альянстың украиналықтарға қандай үндеу жолдайтыны сұралды.
«Сіз қалай ойлайсыз, соғыс біткеннен кейін Украина НАТО-ға Швеция мен Украина секілді мүшелікке өту жоспарынсыз кіре ала ма?», – деген сауал қойды украин журналисі Ирина Сомер.
Столтенберг бұған НАТО лидерлерінің осы жолы Украинаға «өте күшті қолдау көрсеткенін» айтып жауап берді.
«Бұл жай сөзбен қолдау ғана емес, саммитте НАТО-дағы одақтастар іс жүзінде Украинаға қосымша жүйелер, қару-жарақ беретіндерін жариялады. Мұндай мәлімдемені Германия жасады, Норвегия жасады, басқа елдер де жасады. Нидерланд та Украинаға ауыр қарулар жеткізіп беретін болды. Олай болса, біз сөзбен айтқанымызды іспен жүзеге асырып жатырмыз», – деді ол.
НАТО елдері Украинаға алыс перспективада да қолдау көрсете беретін болады.
«Соғыстың соңы не болары белгісіз, бірақ біз ұзақ перспективаға да дайын болуға тиіспіз. Бұл сауал президент Зеленскийдің осы залдағы жолдауы кезінде де қойылды. Біз бұған: «Иә, біз дайынбыз» деп жауап қайтардық. Себебі, ол өзінің тәуелсіздігі үшін күресіп жатыр. Бірақ украиндар НАТО үшін негіз қалаушы қағидат болып саналатын, НАТО үшін құнды, маңызды мәселе – егемендік пен территория тұтастығы жолында күресуде. Сондықтан бұл біздің қауіпсіздігіміз үшін маңызды болып табылады», – дегенді қосты Столтенберг.