Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Еуропа соты Украинаның Ресейге қарсы шағымын қарауға кірісті

СТРАСБУРГ. 29 маусым. Еуропаның Страсбургтегі адам құқықтары жөніндегі соты Украинаның Ресейге қарсы талап-арызын қарауды бастады. Бұл туралы УНИАН хабарлады.

Бұған Украина мемлекетінің басқа төрт ұсынысы мен 850-ге жуық жекелеген арыз-шағымдар негіз болған.

«Неміс толқыны» жазғандай, соттың 28 маусымдағы баспасөз парақшасында шағымдар 23 маусым күні қабылданған, ал Соттың төрағасы Роберт Спано істі соттың төртінші сотына тапсырған және ол жөнінде Ресейге хабар берген.

Маусымның 23-і күні Украина әділет министрі Денис Малюська өзі басқаратын ведомство Еуропаның адам құқықтары жөнінде сотына Ресейге қарсы жаңа талап-арыз бергенін атап өткен.

Оның айтуынша, құжат Ресейдің соғыстың 24 ақпан күні таңертең басталған алғашқы кезеңінде адам құқығын бұзуға қатысты өрескел тәртіп бұзушылықтарына арналған. Шағымдар Ресейдің соғыстың екінші кезеңіне дейін жалғасатын қылмыстарын да ашып көрсетеді.

Украина осы талап-арыздың шеңберінде Ресей әскерлерін украин жерінен толық шығарудан бөлек, зардап шеккен жаққа ақшалай өтемақы төлеуін талап етеді. Ресейдің басып кіруінің бірінші кезеңінде елге кемінде 80 млрд доллардың шығынын келтірді.

Украина талап-арызда Ресей билігін егемен елдің территориясына заңсыз басып кіру арқылы Еуропаның адам құқықтары жөніндегі конвенциясын бұзды деп айыптайды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button