G7 лидерлері Путин мен сыбайластарын Кременчуг үшін айыптады
КИЕВ. 28 маусым. «Үлкен жетілік» елдерінің басшылары Кременчугті бомбылағандары үшін Путинмен бірге біраз әскеридің жауапқа тартылатындарын мәлімдеді. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Германияның Бавария жерінде саммитке қатысып жатқан G7 лидерлері Кременчугтегі сауда-ойын сауық орталығына соққы беруге қатысты мәлімдеме жасады. Онда бұл қылмыс үшін Ресей президенті Владимир Путин мен оның барша сыбайластарын жауапқа тарту қажеттігі айтылған.
«Біз, G7 лидерлері, Кременчугтегі сауда орталығына жексұрындықпен жасалған шабуылда шешімді түрде айыптаймыз. Біз осы аяусыз шабуылдың салдарынан қаза тапқан жазықсыз құрбандар үшін Украинамен бірге қайғырамыз. Кінәсіз бейбіт тұрғандарды айырмай шабуыл жасау әскери қылмыс болып табылады. Ресей президенті Путин мен басқа жазықтылар жауапқа тартылатын болады», – делінген мәлімдемеде.
Лидеры G7 лидерлері Украинаға өздерінің ешбір бұлтақсыз қолдау көрсететіндерін баяндады. Атап айтқанда, қаржылай, гуманитарлық, әскери жағынан қолдау жалғаса береді.
«Біз Ресей өзінің Украинаға қатысты жүргізіп жатқан қатыгез және мағынасыз соғысын тоқтатқанына дейін тыншу таппаймыз», – делінген хабарламада.
Еске түсіре кетейік, Ресей оккупанттары 27 маусым күні Кременчугтегі «Амстор» сауда орталығына екі рет ракетамен соққы жасады.
Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Ресей әскерлерінің Кременчугке соққы жасап, украинның бейбіт тұрғындарын атқылау оқиғаларын талқылауға арналған отырыс өткізеді. Отырысты Норвегия делегациясы жүргізеді. «Ресейдің Кременчугтегі сауда орталығына жасаған шабуылы – сұмдық. Норвегия Ресейдің тұрғын азаматтарды ешбір ажыратпастан оққа ұшыра беруін айыптайды», – делінген Норвегия хабарламасында.