Ресей сыртқы қарыздары бойынша дефолтқа түсіп қалды
МӘСКЕУ. 27 маусым. Ресей сыртқы қарыздарының көптігінен соңғы жүз жылдан астам уақыттан бері бірінші рет дефолтқа түсіп отыр. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.
Ресей 1918 жылдан бері бірінші рет өзіне салынған санкциялар салдарынан шетелдік кредиторларға төлем төлеу мүмкіндігінен айырылып, егемендік қарыз бойынша дефолт жағдайына ұшырады.
РФ соңғы айлар көлемінде Кремльдің Украинаға соғыс ашқаны үшін салынған санкцияларды айналып өтудің жолдарын қарастырып бақты. Ақырында соңғы жексенбіде АҚШ-тың 100 млн доллар көлеміндегі пайыздық үстемесінің 27 мамырда белгіленген жеңілдік беру мерзімі аяқталды. Көрсетілген сома соған дейін төленбеген болса, дефолт болып есептеледі.
Басылым атап өткендей, бұл елдің «экономикалық, қаржылық және саяси жағынан әлемнің сорына» айналғаны болып табылады.
Наурыз айының басынан бастап РФ-ның орталық банктері «қатырылып» тасталса, ірі банктері әлем жүйесінен ажыратылып қалды.
Ресейдің өзі болса, өткен аптада өшірілмеген 40 миллиард долларлық егеменді қарыздарын рубльмен төлейтінін жариялаған болатын.