Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Путиннің неге түнделетіп Кремльге келгені белгілі болды

МӘСКЕУ. 27 маусым. Ресей президенті Владимир Путиннің алдыңғы күні түн үшінде кортеж керуенін түзіп, неге Кремльге келгені белгілі болып қалды. Бұл туралы телеграм-каналдар дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.

Мұның алдында РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұрнағы күні түнде Путиннің Кремльге келгенін жоққа шығарып баққан еді.

Сол кезде-ақ Кремль қожайынының өз кабинетіне шұғыл мәлімдеме жаса үшін келген баяндалған болатын.

Владимир Путин соның алдында Беларусь президенті Александр Лукашенкомен Санкт-Петербургте кездескен.

Сол оңаша әңгімелесу барысында белорус батькасы Литваның Ресейден Калининградқа баратын теміржол жүк тасымалы жолын кесіп тастағаны Вильнюстің Мәскеуге «соғыс жариялауына ұқсайтынын» айтып, визавиін осыған иландырғысы келіп еді.

Ал Путин бұған шынымен иланып қалыпты. Ол сенбі күннің түнінде өзінің нөкерлерімен бірге Литваға басып кіру, соғыс ашу мәселесін талқылаған көрінеді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button