Ресей оккупанттары Киевті таң азаннан атқылаудың астына алды
КИЕВ. 26 маусым. Бүгін Украина астанасы таң бозынан Ресей басқыншыларының артиллериядан атқылауы астында қалды. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
«Киевте жексенбі, 26 маусым күні таңғы 06:20 сағат шамасында алғашқы жарылыстар естіле бастады, Ресей ракетасы 9-қабатты үйдің жоғары жақтарын қиратты, өрт шықты», – делінген хабарламада.
Киев қаласының мэрі Виталий Кличко төрт рет жарылыс болғанын, олардың Шевченко ауданында орын алғанын мәлімдеді. Жедел жәрдем мен өрт сөндірушілер бригадасы оқиға орнына тез келіп жеткен.
Осы маңдағы екі үйдің тұрғындарын құтқару және эвакуация жасау жұмыстары жүріп жатыр.
Төтенше жағдайлар бөлімі 9 қабатты тұрғын үйді атқылаудың салдарынан оның 7, 8 және 9 қабаттарында от тұтанып, өрт орын алған. Оның жалпы ауданы 300 шаршы метрді құрайды.
Қираған үйінділердің астында адамдар қалған. Тұрғындардың екеуі зардап шегіпті, олар ауруханаға жатқызылды, қалғандары басқа жақтарға көшірілуде.
Алдын ала мәлімет бойынша, Киев облысының әуе қорғаныс күштері оккупанттардың бір ракетасына атып түсірген.
Суретте: Үйіндінің астынан кішкентай қыз шығарылып жатыр