18 Қазан, 12:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Зеленський өз кезегінде Путинді кездесу үшін Киевке шақырды

6 Қыркүйек 2025 15:05
- Жаңалықтар, Жаһан
Зеленський өз кезегінде Путинді кездесу үшін Киевке шақырды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИЕВ. 6 қыркүйек. Украина президенті Володимир Зеленський өз кезегінде РФ диктаторы Владимир Путинге кездесу өткізу үшін Киевке келуді ұсынды. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Владимир Путиннің Киевке келуіне болады», – деп мәлімдеді украин президенті ABC News телеарнасының эфирінде. Ол өз сөзінде елі Ресейдің шабуылына ұшырап жатқан кезде Мәскеуге бара алмайтынын айтты.

Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы жағдайды бейбіт реттеу жөнінде келіссөздер жүргізу үшін Киевке келе алады. Мұндай ұсынысты жұма, 5 қыркүйекте америкалық ABC News телеарнасына берген сұхбатында Украина мемлекетінің басшысы Володимир Зеленський жасады.

Сол күні Владивостоктағы Шығыс экономикалық форумында сөйлеген сөзінде Путин Украинадағы бейбіт реттеу жөніндегі келіссөздер үшін Мәскеу «ең жақсы орын» бола алатынын тағы атап өткен еді. Сонымен бірге ол Ресей астанасына келсе Зеленськийге «100 пайыз» қауіпсіздік кепілдігі берілетініне уәде берді.

«Ол (Владимир Путин – ред.) Киевке келе алады», – деп жауап берді бұған украин басшысы ABC News арнасына берген сұхбатында.

«Менің елім күн сайын зымыран шабуылдары мен жорықтарғау ұшырап жатқанда мен Мәскеуге бара алмаймын. Мен бұл лаңкестер астанасына бара алмаймын», – деді ол.

Зеленскийдің айтуынша, Путин «мұны түсінеді». Әңгіме барысында Украина басшысы Путиннің онымен кездесіп, Украинадағы соғысты тоқтатқысы келмейтінін бірнеше рет қайталады. Сонымен бірге ол Путиннің «АҚШ-пен ойын ойнап жатқанын» айтты.

Бұған дейін, 28 тамызда Германия канцлері Фридрих Мерц те осындай пікір білдірген еді. Франция президенті Эммануэль Макронмен кездесуі кезінде ол «президент Зеленський мен президент Путиннің кездесуі анық болмайтынына сүйене отырып», Украинадағы бейбіт реттеу тақырыбына қайта араласуға шақырды. Сонымен қатар, 2 қыркүйекте Берлинде Швейцария президенті Карин Келлер-Саттермен бірлескен баспасөз мәслихатында Мерц Ресей Федерациясы мен Украина президенттерінің тікелей келіссөздері Женевада өтуі мүмкін екенін атап өтті.

Өз кезегінде Украина сыртқы істер министрі Андрей Сыбига 3 қыркүйекте X әлеуметтік желісінде сол уақытқа дейін жеті елдің Володимир Зеленський мен Владимир Путиннің кездесуі үшін орын беруге дайын екенін мәлімдегенін хабарлады. Оларды Австрия, Киелі Тақ (Ватикан. – ред.), Швейцария, Түркия және Парсы шығанағының үш мемлекеті құрайды. «Бұл салмақты ұсыныстар және президент Зеленський кез келген уақытта мұндай кездесуге дайын», – делінген хабарламада.

Таңбалар: Владимир ПутинЗеленськийКиевккздесу

Ұқсас мақалалар

Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты
Жаңалықтар

Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

12.10.2026
Зеленський АҚШ-тан Украина қыста аман қалу үшін Patriot-тың 5%-ын сатуды сұрады
Жаңалықтар

Зеленський АҚШ-тан Украина қыста аман қалу үшін Patriot-тың 5%-ын сатуды сұрады

13.08.2026
Путин Ресей жоғары оқу орындарын орыс тілін филологиядан бөлуге шақырды
Жаңалықтар

«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»

11.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist