АҚШ Конгресі Ресейдің Украинаға соғысын геноцид деп есептейді
ВАШИНГТОН. 26 маусым. АҚШ Конгресі Ресейдің қазір кезде Украинаға қарсы жасап жатқан соғыс қылмысын «геноцид» тануға шешім қабылдады. Бұл туралы Foreign Policy хабарлады.
«Америка заң шығарушылар тобы Ресейдің Украинаға қарсы жүргізіп жатқан соғысын АҚШ-тың геноцид деп тануы жөніндегі қарардың жобасын өз әріптестеріне ұсынды», – делінген хабарламада.
Хабарда америкалық заң шығарушылардың екі партиядан құралған тобының жұма күні Ресейдің Украинадағы әрекеттерін геноцид актісі ретінде қарастыратын қарары ұсынылғаны айтылады. Қарар жобасында Ресей әскерлерінің Украинадағы айуандық әркеттері, соның ішінде бейбіт тұрғындарға, перзентханаларға тікелей соққылар жасау , сондай-ақ жүздеген мың украиналықтарды зорлықпен Ресейге және өздері басып алған территорияларға алып кету секілді БҰҰ-ның геноцид қылмысын анықтау мен оны жазалау жөніндегі конвенциясының II бабында келтірілген өлшемдерге сай іс-қимылдарға барғаны атап көрсетілген. Демек, Ресейдің Украинадағы әрекеттері қай жағынан келгенде де, геноцид екені ешқандай күдік тудырмайды.
Конгресс қарары әдетте Палата өкілдерінің немесе Сенат мүшелерінің нақты позициясын білдіреді, оның заңды күші болмайды. Бірақ халықаралық деңгейде осындай шешім қабылдануына ықпалды дабыл болып табылады.
Бұған дейін РФ-ның Украинаға қарсы соғысының геноцид сипатында жүріп жатқаны жөнінде Польша, Латвия, Эстония, Канада, Литва, Чехия, Ирландия елдері және Украинаның өзі шешім қабылдаған болатын.