Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалды
АСТАНА. 11 маусым. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы rast.kz хабарлады.
Мемлекет басшысы Абай облысының жаңа әкімін тағайындау туралы Жарлыққа қол қоймас бұрын жергілікті мәслихаттар депутаттары осы лауазымға ұсынылған екі үміткерге дауыс берді. Нәтижесінде Нұрлан Ұранхаев – 89, Асхат Смайылов 25 дауыс алды.
Жаңа тағайындауға дейін Нұрлан Ұранхаев Астана қаласы сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарған.
Шығыс Қазақстан облысынан бөлініп шығып, Абай облысы болып қайта құрылған әкімшілік-аумақтық облыстың орталығы болып Семей қаласы белгіленді.
Ертеректегі Семей облысының аумағында ашылған аймаққа Ақсуат (орталығы – Ақсуат кенті), Абай (орталығы – Қарауыл кенті), Аягөз (орталығы – Аягөз қаласы), Бесқарағай (орталығы – Бесқарағай кенті), Бородулиха (орталығы – Бородулиха кенті), Жарма (орталығы – Қалбатау кенті), Үржар (орталығы – Үржар кенті), Көкпекті (орталығы – Көкпекті кенті) аудандары, Семей және Курчатов қалалары кіреді.
Шығыс Қазақстан облысы құрамында мына құрылымдар қалды:
Алтай (орталығы – Абай (Зыряновск) қаласы), Глубокий (орталығы – Глубокое кенті), Зайсан (орталығы – Зайсан қаласы), Қатон-Қарағай (орталығы – Үлкен Нарын кенті), Күршім (орталығы – Күршім кенті), Самар (орталығы – Самар кенті), Тарбағатай (орталығы – Ақжар кенті), Ұлан (орталығы – Қасым Қайсенов (Молодежный) кенті), Шемонайхы (орталығы – Шемонайхы қаласы( аудандары. Өскемен және Риддер қалалары. Облыс орталығы – Өскемен қаласы.