Бейбіт Исабаев Жетісу облысының әкімі болып тағайындалды
АСТАНА. 11 маусым. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бейбіт Исабаев Жетісу облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы rast.kz хабарлады.
Мемлекет басшысы Жетісу облысының әкімін тағайындау туралы Жарлыққа қол қоймас бұрын жергілікті мәслихаттар депутаттары осы лауазымға ұсынылған екі үміткерге дауыс берді. Нәтижесінде Бейбіт Исабаев – 106, Бағдат Қарасаев 35 дауыс алды.
Бейбіт Исабаев 1962 жылы 4 желтоқсанда туған. 1985 жылы С.М. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша, 1999 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын халықаралық маман деген мамандық бойынша бітірген.
1985-1987 жылдары – Қазақ ССР-ның теле-радио көрсетілім жөніндегі мемлекеттік комитетінің редакторы.
1987-1991 жылдары – «Лениншіл жас» республикалық газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі.
1991-1994 жылдары – «Өркен», «Горизонт» газеттері редакторының орынбасары, редакторы.
1994-1995 жылдары Қазақ мемлекеттік телевидениясының бас директоры, Алматы қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары, басшысы, Алматы қаласы әкімдігі ішкі саясат комитетінің төрағасы.
1995-1997 жылдары – Алматы қаласы әкімінің орынбасары.
1997-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық академиясының тыңдаушысы.
1999-2000 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі әкімшілігі департаментінің директоры.
2000-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесінің үкіметтік ақпарат бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
2002-2003 жылдары – «Орта Азиялық ынтымақтастық» ұйымдастыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық үйлестіруші.
2003-2006 жылдары – Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі.
2006-2008 жылдары – Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі және Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметін қоса атқарған.
2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы.
2009-2015 жылдары – Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі.
2015-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі. 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі өкілдігі басшысы қызметін атқарды.
2022 жылдың қаңтарынан ҚР Сенатының депутаты болды.
Жетісу облысының құрамында мына құрылымдар қалды:
Ақсу (орталығы – Ақсу кенті), Алакөл (орталығы –Үшарал қаласы), Ескелді (орталығы – Қарабұлақ кенті), Қаратал (орталығы – Үштөбе қаласы), Кербұлақ (орталығы – Сарыөзек кенті), Көксу (орталығы – Балпық би кенті), Панфилов (орталығы – Жаркент қаласы), Сарқан (орталығы – Сарқан қаласы), Талдықорған және Текелі қалалары. Облыс орталығы – Талдықорған қаласы.