17 Қазан, 13:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алматының әкімі болып Дархан Сатыбалды тағайындалды

24 Мамыр 2025 18:18
- Аймақ, Жаңалықтар
Алматының әкімі болып Дархан Сатыбалды тағайындалды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 24 мамыр. Бүгін Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Orda.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ол бұған дейін Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.

«Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалсын, ол бұрынғы қызметінен босатылсын» деп жазылған хабарламада.

Дархан Сатыбалды 1974 жылы 26 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1996 жылы С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылығы институтын, 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң академиясын бітірген.

Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Келес ауданының «Келес» кеңшары бөлімшесінің жұмысшысы ретінде бастаған.

1996-1999 жылдары түрлі мекемелерде аға экономист, бас бухгалтер болып еңбек еткен.

2000-2002 жылдары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қаржы бақылау комитетінің мемлекеттік мекемелердегі бюджеттік рәсімдердің орындалуын бақылау басқармасында жетекші бақылаушы-ревизор, бас бақылаушы- ревизор;

2002-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының қаржы-экономикалық бөлімі экономикалық талдау және бақылау секторының референті, консультанты, бас сарапшысы, Бюджеттік жоспарлау және қаржылық бақылау бөлімі мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру секторының меңгерушісі;

2006 жылдың тамыз айынан бастап Астана қаласы тұрғын үй департаментінің «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы;

2007 жылы қаңтар-мамыр айлары аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің сот орындаушысы;

2007-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бюджеттік департаменті директорының орынбасары, ғылым комитеті төрағасының орынбасары;

2010 – 2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде департамент бастығы;

2011-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңсесі әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2013 -2015 жылдары – Шымкент қаласының әкімі;

2015-2017 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған.

2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты ретінде заң шығару ісіне атсалысты.

2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі;

2022-2025 жылдары – Түркістан облысының әкімі болып қызмет атқарды.

2025 жылы 6 қаңтарда Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

I сыныпты Төтенше және Өкiлеттi уәкiл дипломатиялық дәрежесі бар.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Ерболат Досаев Алматы қаласы әкімі қызметін 2022 жылдың қаңтарынан бері атқарып келді. Оның енді иеленуі мүмкін басқа лауазымдарының қатарында Президент әкімшілігінің басшысы (немесе оның орынбасары), сондай-ақ вице-премьер қызметтері аталады.

Таңбалар: Алматы қаласыәкімДархан Сатыбалды

Ұқсас мақалалар

Алматы әкімі «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жаңартылған базасын аралады
Әлеумет

Алматы әкімі «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жаңартылған базасын аралады

16.10.2026
Алматыда демалыс күндері «Дала дәмі» республикалық акциясы аясында жәрмеңке өтеді
Аймақ

Алматыда демалыс күндері «Дала дәмі» республикалық акциясы аясында жәрмеңке өтеді

16.10.2026
Бір топ қала тұрғындарына «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді
Әлеумет

Бір топ қала тұрғындарына «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді

19.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist