Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды
АСТАНА. 11 маусым. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы rast.kz хабарлады.
Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қойғанға дейін жергілікті мәслихаттардың депутаттары осы лауазымға ұсынылған екі мүдуарға дауыс берді. Нәтижесінде Берік Әбдіғалиұлы – 64, Серік Шайдаров 13 дауыс алды.
Жаңа тағайындауға дейін Берік Әбдіғалиұлы Парламент Мәжілісінің депутаты болды.
Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылғы 18 қыркүйекте Қарағанды облысы Жезқазған қаласында туған. 1988 жылы Тараз қаласындағы №45 гимназияны бітірген.
1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Тарих» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты.
1994-1995 жылдары – ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) ғылыми қызметкері, 1995-1997 жылдар – ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, директордың орынбасары.
1997-1999 жылдарда ҚР Баспа және бұқаралық ақпарат ісі жөніндегі ұлттық агенттігінде, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде қызмет атқарды.
1999-2001 жылдары ҚР Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді.
2001-2002 жылдары – Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімінің орынбасары.
2002-2005 жылдары «Ақ жол» ҚДП Ұлттық зерттеулер институтының директоры, «Саяси ағарту қоры» ҚҚ президенті болып жасады.
2005-2006 жылдары – «Атамекен» кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық одағында кеңесші, «Атамекен» ұлттық даму орталығы» ЖШС директоры.
2007-2008 жылдары – ҚР Президент Әкімшілігінде бас инспектор, Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2008-2010 жылдары – «Мемлекеттік тілді дамыту қоры» ҚҚ директоры.
2010 жылғы қаңтар мен 2012 жылғы қаңтар аралығында – Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі, Жезқазған қаласының әкімі.
2012 жылы – 1-ші Вице-Премьердің кеңесшісі.
2012 жылғы мамыр мен 2013 жылғы наурыз аралығында – Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімі.
2013 жылы – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
2016-2017 жылдары – ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының кеңесшісі, бас ғылыми қызметкер, ҚР Қарулы Күштері Әскери-тарихи мұражайының бас ғылыми қызметкері, ҚР Қорғаныс министрлігі.
2017 жылғы мамыр мен 2019 жылғы мамыр аралығында – ҚР Ұлттық мұражайының «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі,
2019 жылғы мамыр мен қазан аралығында – ҚР Мәдениет және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі, ҚР Ұлттық мұрағатының «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығының жетекшісі.
2019 жылғы қазан мен 2021 жылғы қаңтар – Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі.
2017 жылы «Өңірлік және муниципиалдық менеджмент» мамандығы бойынша MBA дәрежесін РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында (Мәскеу қ.) қорғады.
Қарағанды облысының құрамынан қайта бөлініпі шығып, Ұлытау атымен құрылған жаңа облыстың орталығы – Жезқазған қаласы. Облыстың әкімшілік-аумақтық бөлінісіне Жаңаарқа (орталығы – Жаңаарқа кенті), Ұлытау (орталығы – Ұлытау кенті) аудандары мен Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев қалалары кіреді.
Қарағанды облысының құрамын Абай (орталығы – Абай кенті), Ақтоғай (орталығы – Ақтоғай кенті), Бұқар жырау (орталығы – Ботақара кенті), Қарқаралы (орталығы – Қарқаралы қаласы), Нұра (орталығы – Нұра кенті), Осакар (орталығы – Осакаровка кенті), Шет (орталығы – Ақсу-Аюлы кенті) аудандары, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Приозерск, Сарань және Шахтинск қалалары қалды.