Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

НАТО-ның төрт елі «Путиннің жағында ойнап тұр» – Пионтковский

ВАШИНГТОН. 31 мамыр. Ресей саясаттанушысы Андрей Пионтковский НАТО мен Еуроодақтың төрт елі Украинаның қолын байлап отырғанын айтты. Бұл туралы УНИАН хабарлады.

Қазір АҚШ-та тұрып жатқан саясаттанушы мұны украиналық Дмитрий Гордонға берген сұхбатында мәлімдеді.

«НАТО мен Еуроодақтың бірден төрт елі Украинаға көмектесу науқанының әрекеттерін тоқтатып тастап отыр», – деді ол.

Андрей Пионтковскийдің айтуынша, Украинаның жақтаушылары мен дұшпандары қазір әлемнің тағдырын шешіп беретін бұрылысты мезеттің келіп жеткенін жақсы түсінеді.

«Сондықтан мен мүлде жаңа халықаралық құрылым құру керектігі жөнінде сөз қозғаған [Ұлыбританияның премьер-министрі Борис] Джонсонның реакциясын өте жақсы түсініп отырмын. Бұл – дұрыс. НАТО-ның төрт елі – Италия, Франция, Германия және Венгрия (бұл бұралқы қанден Виктор Орбан) – Путиннің жағында ойнап тұр. НАТО мен Еуроодақтың төрт елі. Осылайша олар ЕО мен НАТО-ның Украинаға қолдау көрсету жөніндегі әрекеттерін байлап тастап отыр», – деп баяндады Пионтковский.

Бұдан бұрын ол Путиннің арнайы қызметінің осы күндері Еуропада орасан зор көлемді операция жасап жатқанын, соның әсерінен кейін бірқатар елдердің Украинаға «капитуляция жасау планын» ұсынатынын айтып ескерткен еді.

Айтса айтқандай, Италия жақында Украинаға өзінің төрт кезеңнен тұратын «бейбітшілік жоспарын» ұсынды. Онда қарсыластардың БҰҰ-ның бақылауымен осы тұрған орындарында ұрыс қимылдарын тоқтатулары, Украинаның қысқа мерзімде ЕО-ға қабылдануы және НАТО-ға қабылдану құқығынсыз бейтарап елге айналуы, Украина мен Ресей арасындағы «даулы Донбасс жері мен Қырым» жөнінде өзара келісімге келу қарастырылады.

Әлбетте, украин тарапы мұндай жалпақшешей ұсынысты бірден лақтырып жібере салды.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button