Оккупанттар Северодонецкіні қоршауға ала алмайды – Гайдай
КИЕВ. 31 мамыр. Луганск облысы әскери әкімшілігінің басшысы Сергей Гайдай РФ әскерлерінің Северодонецк қаласын қоршауға ала алмайтынын айтты. Бұл туралы УНИАН хабарлады.
Сергей Гайдайдың сөзіне қарағанда, қала жалпы ресейліктердің бақылауында тұрғанымен, онда украин қорғаушылары жауға қарсы соққы беріп жатыр.
Ақпарат телемарафоны кезінде ол оккупанттардың қаланы алуға шамасы келмейтінін әңгімеледі.
«Мен қала қоршауда қалады деп ойламаймын. Ондай күн туса, қаланы қорғаушылар Лисичанскіге қарай шегінуге мүмкіндік алады. Сондықтан әскерилердің блокадада қалу қаупі жоқ», – деді әкімшілік басшысы.
Оның айтуынша, сондай-ақ қаланың бір бөлігі, өкінішке орай, Ресей әскерлерінің бақылауына көшкен. Бірақ онда да украин қорғаушылары бар, олар жауға әлсін-әлсін соққы беріп тұр.
«Басқыншылар бұдан екі күн бұрын-ақ жоғары жаққа қаланы толық басып алдық деп баянат беріп қойған. Бірақ ол кезде Северодонецкінің шетінде ғана тұр еді. Біздің жауынгерлер содан кейін жауды бұрынғы позициясына дейін қуып шыққан. Енді қайта келіп, шайқасып жатыр. Жау жағында кісі өлімі де өте көп», – деді Гайдай.