Украина армиясы жаудың таңдаулы бөлімшелерінің бірін талқандады
КИЕВ. 25 мамыр. Украина Қарулы күштері Ресейдің ең таңдаулы делінген элиталы бөлімшелерінің бірін жойып жіберді. Бұл туралы DonPress хабарлады.
Мұндай ақпаратты оккупанттардың өздері де растап жатыр.
«Украинаның оңтүстігінде Ресейде алдыңғы қатарлылардың бірінен саналатын 58-ші армияның тас-талқаны шығарылды», – делінген украин порталы хабарламасында.
РФ Оңтүстік әскери округінің 2018 жылы барынша жаңа қару-жарақтармен және техникамен қайта жарақтандырылған, «аналогы жоқ» деп баға берілген 58-ші армиясының енді өзі де жоқ. Түп-тұқияны қалмай құрып кетті.
Осы тұста Украина президенті Владимир Зеленский енді Ресеймен қашан және қандай жағдайда келіссөз жүргізілетіні жайында тағы айтып берді. Оның баяндауынша Украина өзінің агрессорлар басып алған территориясын түгел қайтарып алмай, бұл жайлы сөз қозғаудың өзі мүмкін емес.
Әңгіме биылғы жылғы 24 ақпанға дейінгі территория хақында болып отыр.
Ал Ресей осы күндері өзінің барлық күштерін тағы да Донбасқа шоғырландырып жатыр. Алдағы апталарда ең қызу кескілескен шайқастар Луганск облысының Попасная елді мекені аумағында жүреді.
«Теңіз жаяу әскерлері мен тұрақты армиядан бастап «Вагнер» сияқты барлық жалдамалы құрылымдарға дейін осында әкеліп төгілуде», – деді израильдік сарапшы Игаль Левин.