Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Украинаға 20 ел қарудан көмек беретіндерін мәлімдеді – Пентагон

БОНН. 24 мамыр. Кеше 20 елдің Қорғаныс министрлері Украинаға қару-жарақтан көмек берудің жаңа пакетін жасауға қосылатындарын баяндады. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

АҚШ-тың Германиядағы «Рамштейн-2» әскери базасында өткен кездесуге Америка, Еуропа, Африка, Азия және Австралия құрлықтарынан әлемнің 47 елінің қорғаныс министрлері қатысты.

Виртуалды кездесуді ашқан АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин әңгімені Украинадағы соғыс тақырыбына арнады.

Пентагон басшысы сөз басында кездесуге қатысып отырған министрлердің бәріне алғыс айтты. Соның ішінде Австралия, Канада, Ұлыбритания, Польша, Чехия секілді елдердің Украинаға әскери техника берудегі белсенділіктерін ерекше атап өтті.

Қару-жарақ жөнінен көмек берудің ендігі пакетін 20 елдің толтыратыны белгілі болды. Атап айтқанда, Австралия мен Канада М777 гаубицаларын төрт аптаның ішінде украин жеріне жеткізіп береді. Чехияның тікұшақтары, танкілері мен ракеталары кеше жеткізілді. Данияның беретін корабльге қарсы Harpoon ракеталары мен олардың ату қондырғылары Украинадағы соғыстың басымшылығын бірден украин жағына аударып жіберуге жол аша алады. Онымен Ресейдің Қара теңіз акваториясындағы кемелерін түгел жойып жіберуге болады.

Пентагон басшысы Италия, Грекия, Норвегия және Польша елдерінің сын сағатта қажетті болатын артиллерия жүйелері мен оқтарын беретіндерін жариялады.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button