Украин ПВО-сы жаудың 11 әуе нысанасын атып түсірді
КИЕВ. 16 мамыр. Украина қорғанысшылары өткен тәулікте Ресей оккупанттарының 11 нысанасын жойып жіберді. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
«Украина әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері 15 мамырдың тәулігінде жаудың 11 нысанасын жойып жіберіп, екпінді авиация оккупанттардың Ингулец өзені үстіндегі өткелін талқандап тастады», – делінген хабарламада.
«Украина Қарулы күштеріне қарасты Әуе күштерінің екпінді авиациясы 15 мамырда оккупанттардың су өткеліне кезекті мәрте соққы берді. Бұл жолы сөз Ингулец өзеніндегі өткел жайлы болып отыр. Истребительдер Украина әуе кеңістігін бақылауға алуды жалғастырып жатыр, ал штурмовиктер мен бомбардировщиктер оккупанттар позицияларына, жау әскерлері мен техникаларының шоғырланған аумақтарына ракета-бомбы соққыларын беріп келеді», – деп баяндады УҚК баспасөз қызметі.
Қарулы күштердің зенит-ракета әскерлері 15 мамырда жаудың 2 қанатты ракетасын, 3 «Орлан-10» БПЛА-сы мен «Ка-52» тікұшағын қиратты.
Жаяу әскерлердің әуе шабуылына қарсы қорғанысы «Ми-28» тікұшағы мен 4 «Орлан-10» БПЛА-ны жойды.
Сөйтіп, тәулік ішінде мынадай 11 нысан жойылды:
– 2 тікұшақ (Ка-52, Ми-28);
– 7 БпЛА (ОТР);
– 2 қанатты ракета.