25 Тамыз, 20:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Харьков түбіндегі Ольховка селосында екі-ақ адам тірі қалған

16 Мамыр 2022 11:37
- Жаңалықтар, Тіршілік
Харьков түбіндегі Ольховка селосында екі-ақ адам тірі қалған
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИЕВ. 16 мамыр. Ресей басқыншылары кеткеннен кейін Харьков түбіндегі Ольховка селосында екі-ақ адамның тірі қалғаны белгілі болды. Бұл туралы «Белсат» хабарлады.

Наталья Юрьевна (суретте) – Ресей оккупациясынан кейін Ольховкада тірі қалған екі адамның бірі. Ол қазір осы маңдағы бар мысықты тамақтандырып жүр екен. Ал өз үйінде газды пеш істемейді, басқыншылар қиратып кеткен. Сондықтан даладан ағаш теріп әкеп, жағып отыр.

Харьков облысының солтүстігінде кескілескен шайқас әлі жүріп жатыр. Украин армиясы біртіндеп жауды ығыстырып, мемлекеттік шекараға қарай жақындатып келеді. Осындай жаудан босаған селолардың бірінде «Вот Так» тілшісі Алексей Барановский болып қайтты. Ольховка бұдан бір ай бұрын жаудың қол астында болып еді. Оны украин әскерлері сәуірдің басында басқыншылардан босатты. Алайда, арада бір ай өткенімен, село сол кездегідей қаңыраған күйінде тұр.

Ольховкадан шыға берістегі автожолдың бойында Ресейдің қирап қалған екі бронетранспортері көрінеді. Олардың біріндегі Z деген свастикалық белгілі украин әскерлері өздерінше үстінен өзгертіп қойыпты. Енді ол «Zov Kobzona» болып оқылады.

Қираған машиналардың арғы жағынан бірден Бейбітшілік (Мир) көшесі басталып кетеді. Көшенің екі бетіндегі үйлерлерде де сау-тамтық жоқ. Шашылған тастардан, шыны сынықтарынан, иілген темірлерден, ағаш қиындыларынан аяқ басып жүру мүмкін емес.

«Мир көшесіне «Руский мир» келді», – деген ойға батады сонда тілші Барановский қаңырап жатқан селоны аралай жүріп.

Ол үйлердің бірінің ауласынан селода тірі қалған екінші адам – қабағы түсіңкі Виктор деген ағайды кезіктіреді. Оның жанында үш шетелдік журналист тұр екен. Бұдан әрі чех журналисі Ленчамен бірге елді мекенді аралап, оның әбден қиратылғанына көз жеткізеді.

«Міне, саған «Орыс әлемі», ол өзінің қандай екенін Украинаның барлық ендіктері мен бойлықтарында толық ккөрсетіп болды», – дейді ол.

Таңбалар: ОльховкаРусский мирХарьков

Ұқсас мақалалар

Ресейдің Харьков түбіндегі нәтижесіз шабуылдары жалғасып жатыр
Жаңалықтар

Ресейдің Харьков түбіндегі нәтижесіз шабуылдары жалғасып жатыр

18.05.2024
Ресей басқыншылығы: Қазір Харьков бағытында не болып жатыр? (видео)
Жаңалықтар

Ресей басқыншылығы: Қазір Харьков бағытында не болып жатыр? (видео)

17.05.2024
ОКРУЖАЯ ВОЛЧАНСК
Көзқарас

ОКРУЖАЯ ВОЛЧАНСК

17.05.2024
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist