Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

АҚШ пен одақтастар РФ-ны қайтып бас көтере алмайтын етпек

БЕРЛИН. 27 сәуір.АҚШ пен оның одақтастары Ресейді Украинаға қайтып шабуылдай алмайтындай етіп «тарттырып» жіберуге келісім жасасты. Бұл туралы CNN хабарлады.

«Ресейдің Украинаға басып кіруі әлдеқандай бір салиқалы бейбіт келісімге келмейтіндей ұзаққа созылатын соғысқа айналып кеткендіктен, АҚШ пен оның одақтастары соғысты мерзімінен бұрын тоқтатудың жаңа жолдары жайлы айта бастады; Ресейді Украинаға қайтып шабуылдай алмайтындай етіп соншалықты шешімді түрде жеңу керек», – делінген хабарламада.

Мұндай мессендж АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин Украина астанасынан Германияға келіп, одақтас әріптестерімен кездескен кезде айтылды.

«Біз Ресейдің Украинаға басып кіргеннен кейін істегендерін енді қайтып істей алмайтындай болып әлсірегенін қалаймыз», – деді Остин.

Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің өкілі АҚШ Қорғаныс министрінің сөзі «Ресейдің Украинаға басып кіруі күйреумен аяқталуы тиіс екенін» білдіргенін жеткізді. Ол: «Біз Украинаның жеңгенін қалаймыз. Біздің мақсаттарымыздың бірі – Ресейді осы тектес нәрселерді қайта жасай алу қабілетінен айыру», – деді.

«Сондықтан біз украиндарды өздерін Ресейден қорғай алуға қажетті қару-жарақпен қамтамасыз ететін боламыз. Ресейге көршілеріне шабуыл жасай алмау үшін санкция салып тұрамыз», – деді Остин.

Германиядағы кездесу кезінде Украина қорғаныс министрі Александр Резников оккупанттарды өз елінің территориясынан қуып шығу үшін керек қару-жарақтар тізімін әріптестеріне таратып берді.

Пентагон Германияда Украинаға көмек көрсету орталығын ашты.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button