Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Чемпиондар лигасы: «Манчестер Сити» «Реалды» 4:3 етіп ұтты (видео)

МАНЧЕСТЕР. 27 сәуір. Англияның Манчестер қаласында жергілікті «Манчестер Сити» командасы УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалында Мадридтің «Реалын» қабылдап, 4:3 етіп ұтты. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Ағылшын клубы құрамында бельгиялық жартылай қорғаушы Кевин Де Брюйне, бразилиялық форвард Габриэл Жезус, ағылшын хавбегі Фил Фодан және португал жартылай қорғаушысы Бернарду Силва мергендіктерімен  танылды.

«Король клубы» сапында француз шабуылшысы Карим Бензема дубль жасады. Голдың екіншісін ол пенальтиден түсірді. Бір рет бразилиялық форвард Винисиус қақпаны дәл көздей білді.

Таблодағы есептен байқалғандай, ұшырасу өте тартысты өтті. Дегенмен, алаң иелері оның 11-минутына қарай 2:0 есебімен алға шығып үлгерді. Соған қарамастан, меймандар қайтпай шайқасты. Олардың қарсы шабуылдары қайта-қайта қауіп әкеле бастады. Соның бірін Бензема қиын сәтте голға айналдырып үлгерді.

Екінші тайм бұрынғыдан да тартысқа толы болды. Соның бір сәтінде «қалалықтар» өз алаңында қолмен ойнап, өз дарбазаларына пенальти белгілетіп алды. Осыдан кейін ойындағы есептің теңесіп кететініндей де жағдай туды. Алайда, манчестерліктер оған жол бермеді. Сөйтіп, олар өздері жақсы бастаған матчтың соңында бір доп айырмашылығымен ғана жеңіске жете алды.

Бұл – қарсыластардың бірінші ойыны. Жауап кездесу 4 мамыр күні Мадридте ойналады.

Чемпиондар лигасы, жартылай финал, бірінші матч 

«Манчестер Сити» – «Реал» – 4:3 (2:1)

Голдар: Кевин Де Брюйне (2), Габриэл Жезус (11), Фил Фоден (53), Бернарду Силва (74) – Карим Бензема (33, 81 – пен.), Винисиус Жуниор (55).

https://hotfooth.coolvidup.com/embed/uGMK6EeDPQ5G2

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button