АҚШ сәуірде Украинаға қандай қарулар жіберетінін айтты
ВАШИНГТОН. 25 сәуір. Құрама Штаттар осы сәуір айының соңына дейін Украинаға қандай қарулар жіберіп қоятындарын жеткізді. Бұл туралы DonPress хабарлады.
«АҚШ сәуір айында Украинаға Stinger зениттік кешенін, танкіге қарсы Javelin ракета кешенін және басқа да қару-жарақтар жөнелтеді», – делінген осы ел Қорғаныс министрлігінің Твиттердегі ресми парақшасында.
Бүгін Вашингтон Ресейге тағы бір «тосынсый» көрсетті. Пентагон Киевке 40 шақырымнан да артық қашықтыққа ата алатын «Эскалибур» гаубицаларын жіберетін болып шешім етті. Ол алғаш рет Иракта сыннан өткен. Оның снаряды өзінің нысанасына 4 метрлік радиуста тие береді. Мұны ол 92 пайыздық нәтижемен дәлелдеді. Тіпті қарауылға алынған нысан бастапқы орнынан жылжып кетсе де, снаряд оған барып дөп тиеді.
Ресей Қара теңізге 12 кораблін шоғырландырып қойды. Олардың бәрінде алыс қашықтыққа ататын зымырандар бар. Оккупанттар енді осы жақтан украин қалаларын атқыламақшы.
АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин Германияда өздерімен әріптес 20 елдің Қорғаныс министрлерімен кездесіп, олармен Украинаға қару-жарақ беру жөніндегі мәселені талқылайды.
Ал осы аралықта Ресей басқыншылары тағы бір патрульдік кораблінен айрылып қалды. РФ теңіз флотының 22 460 жобалы «Расул Гамзатов» атты өте жаңа патрульдік корабліне Волга-Дон каналы арқылы буксирмен Каспий теңізінен Азов теңізіне өтіп бара жатқан кезінде зақым келтіріліп, қатардан шықты. Қазір Азов жағасында жөндеуге қойылды.
Ресейге пәле келулері мұнымен шектеліп қалып жатқан жоқ. Кеше Индонезия 28 сәуірден бастап бұл елге пальма майын эскпорттауды тоқтатынын мәлімдеді. Бұған дейін Ресей Индонезиядан $ 1,41 млрд-қа дейін пальма майын алып келген екен.
Халықаралық БАҚ-тар РФ-ның Украинаға «арнайы операциясы» салдарынан ресейлік Сібір ормандарының өртенуі орасан зор аумақ пен қарқын алып кеткенін де жазып жатыр. «Бүкіл орман отқа орынды. Өрт сөндірушілер техникалардың дені Украинаға дислокация жасалғандықтан, бұл апатты өз беттерінше тоқтата алар емес», – деп жазды The Independent газеті.
Басылымның атап өтуінше, биыл өрттің саны мен көлемі бұрынғыдан екі еседен астам артып кеткен.
Суретте: АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин.