Ресей оккупанттары Донбасқа кең ауқымды шабуылын бастады
КИЕВ. 18 сәуір. Ресей әскерлері бүгін таңертең Донбасс өңіріне кең ауқымды шабуылын бастап кетті. Бұл туралы DonPress хабарлады.
Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов Ресей әскерлерінің майдан шебінде Украинаның үш облысына қарай жорыққа шыққанын айтты. Олар украин әскерлерінің қорғаныс шептерін бұзып өтуге әрекет етіп жатыр.
Шенеуніктің атап өткеніндей, РФ әскерлері Донецк, Луганск және Харьков облыстарындағы ұрыс қимылдарын күшейте түскен.
«Бірақ біздің әскерлеріміз мызғымай тұр. Жауға екі жерден – Кременная мен тағы бір шағын қала тұсынан бұзып өтудің орайы келді. Қазір кескілескен ұрыс жүріп жатыр. Біз өз территориямызды бермейміз. Басқыншылардың белсенді фазасы бүгін азанда басталды», – деді хатшы.
Бүгін Ресей Мемлекеттік думасында да Донбасс жеріне «арнайы операцияның» белсенді фазасы басталғаны мәлім етілді. Артынша бүкіл Ресей БАҚ-тары жарыса жазды.
Агрессорлар бұрынғысынша майданның түйінді тұсы – Мариуполь қаласын қыспаққа алуды тоқтатпай тұр. Мұнда олар күніне 10-15 мәрте шабуыл жасауда. Осы 53 күн бойына бұл жерді «Азов» полкы қорғап тұр.
Бүгін «Азов» полкының бірінші командирі Андрей Билецкий қару-жарақтың жетіспеушілігінен дұшпанның бір шепті бұзып өткенін мәлімдеді.