Донбаста шешуші шайқастар жүріп жатыр. Украиндар үмітсіз емес
КИЕВ. 19 сәуір. Украинаның Донбасс өңірінде соғыстың тағдырын шешетін негізгі шайқастар жүріп жатыр. Бұл туралы DonPress хабарлады.
«Майдан даласынан бүгінгі, 19 сәуір күнгі сағат 12:00-дегі үміт күттіретіндей жаңалықтар мәліметін ұсынамыз. Адамға үміт отын беріп, көңілді орнықтыратын жаңалықтар оқыңыздар, жалпы ақпараттар тасқынында оларды байқамай қалмаңыздар», – делінген сайт хабарламасында.
«Жау Украинаның шығысында кең ауқымды шабуылын бастады, алайда, бұл соғыста енді бір ғана майдан болады – Ресейге қандай болса да бір жеңіс қажет, сондықта ол Донбасқа қарай өтуге әрекет жасап бағады», – делінген бұдан әрі.
Порталдың хабарлауынша, украин әскерлері бүгін Харьков облысындағы Изюмнің маңайындағы РФ оккупанттары қол астында уақытша болған бірнеше елді мекенді азат еткен.
Украин қорғаушылары түнде Луганск облысындағы Рубежное және Попасная селолары түбінде жаудың шабуылын қайтарды. Агрессорлар адам күші мен техникадан біраз шығынға ұшырады.
Жау Херсон облысының Александровка ауданында да Украин қарулы күштерінің позицияларына жойқын жорықтар ұйымдастырды. Бірақ олар үшін бәрі сәтсіз аяқталды. Ақырында 5 техника бірлігі мен өздерінің 25 қаруласын ұрыс даласында қалдырған олар кейін шегінуге мәжбүр болған.
Украин десантшылары Ресей Қарулы күштері Орталық әскери округінің 21-ші гвардиялық қызылтулы Омбы-Новобуга мотоатқыштар бригадасының элиталы бронды бөлімшелерінің бірін жойып жіберді.
Украин қарулы күштері РФ-ның «Цезарь Куников» десантшылар кораблінің командирі, үшінші рангалы капитан (майор) Александр Чирваның көзін құртты.
Украин әскерлері сондай-ақ 49-шы зенит ракетасы бригадасының командирі, полковник Иван Гришинді де жер жастандырды.
Тұтастай алғанда, Украинадағы соғыс басталғалы бері мұнда РФ 2 генерал-лейтенаты мен 7 генерал-майорынан айырылды.
Жаудың жалпы шығыны 20 800-ге жуық адам болып отыр.
Сарапшылар Ресейдің оперативті резерві таусылып келе жатқанын жеткізіп отыр. Кремль Гуляйполеге, Славянск мен Краматорскіге Изюм жақтан күш әкеп салып жатыр.
Ресейдің өзінде соғысқа барудан бас тартып жатқандар қатары күн санап көбейіп келеді.
Әлеуметтік желіде Херсон облысындағы Чернобаевкадан түсірілген жаңа видеолар украин Қарулы күштерінің Ресей әскерлері позицияларын 16 рет бұзып шыққанын көрсетуде. Онда «қоқыр-соқырлар тау болып үйіліп, қаза тапқандар шашылып қалған».
Осы тұста Ресей жазушысы Дмитрий Быков украиндардың ұлы ұлт болып қайта жаратылып жатқанын айтып өтті. «Мен оларды сұмдық мақтан тұтамын. Олар өз тәуелсіздіктерінің 30 жылын осылайша пайдалана білді… Біз сияқты болған жоқ, ұлы елдің өкілдері болуға лайық болып жетілді», – деді ол.
Сонымен бірге, сарапшылар АҚШ-тың Украиндағы соғыстың бар шығынынын Ресейге төлеттіргелі тұрғанын атап өтті.