Ресей армиясының концлагерьлерінде 20 мың адам бар
КИЕВ. 18 сәуір. Ресей басқыншылары күні бүгінгі мәлімет бойынша Украинаның кемі 20 мың адамын сүзгілік лагерьлерге қамап қойған. Бұл туралы Obozrevatel хабарлады.
«18 сәуірдегі жағдай бойынша, Ресей оккупанттары Мангуш – Никольское – Ялта желісіндегі фильтрациялық лагерьлерде кемі 20 мың адамды тұтқын етіп ұстап отыр. Кремль әскерилері азаматтық тұрғындардың эвакуциясын жасауға қасақана кедергі келтіріп, уақытты соза түсуде», – делінген хабарламада.
Мариуполь қаласы басшысының кеңесшісі Петр Андрющенко өзінің Telegram-каналында осы жайында сөз қозғады. Ол оккупанттардың мұны әдейі жасап отырғанына ешқандай күмән келтірмейді.
«Тағы 5-7 мың адам Безымянное селосындағы фильтрациялық лагерьде депортацияға дайындалып жатыр», – деді ол. Әңгіме Донецк облысының Азов теңізі жағалауындағы елді мекені жайлы болып тұр.
Пенза облысында орналасқан концлагерьден мариупольдік алғашқы жеті адамды алып шығудың орай келіпті. Украин омбудсмені Людмила Денисованың айтуынша, мұндағы украиналықтардың жағдайлары тым ауыр, көпшілігінде дұрыс киім жоқ, уақытылы тамақ берілмейді, гигиена сақталмаған.
Ал отанын сатқаны үшін ұсталған украин саясаткері, Ресей диктаторының өкіл ағасы Виктор Медведчук Путин мен Зеленскийден өзін мариупольдік тұтқындармен айырбастап алуды сұрап, өтініш айтты.