РФ әскерлері Донбастағы соғыстың бірінші кезеңін бастады
КИЕВ. 10 сәуір. Ресей әскерлері Донбасс аумағына жасалатын жаңа соғыс қимылдарының бірінші кезеңін бүгін бастап кетті. Бұл туралы unian.net хабарлады.
Украина президенті офисі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович РФ Қарулы күштерінің бір мезгілде солтүстіктен де, оңтүстіктен де шабуыл жасауға тырысып жатқанын айтты.
«Қазір біз екінші эшелонды күтіп отырмыз. Ал екінші эшелон құрамында Қиыр Шығыстан жеткізілетін 10 БТГ (батальон тактикалық тобы), соңғылары – 5-ші армия, сосын солтүстіктен – Киевтен, Черниговтен және Сумыдан келгендер бар», – деді ол.
Арестовтовичтің айтуына қарағанда, Қиыр Шығыстан жеткізілген тың күштер әлі шабуыл жасайтын позицияға жайғаса қоймапты. Ал солтүстіктен әкелінген бөлімшелер әзірге шабуылға шығуға дайын емес.
Бұдан бұрын Арестович Донбаста екі аптаның көлемінде соғыстың келесі фазасының тағдырын шешіп беретін ауыр шайқастар жүретінін мәлімдеген еді. Бұдан бөлек, оккупанттардың Запорожье және Херсон бағытында белсенділіктерін күшейтіп жатқанын баяндады.
Суретте: Украинадағы ұрыс қимылдарының 10 сәуірдегі картасы