Жаңалықтар жаңғырығыОқиға
Украин шекарашысы жауларымен бірге өзін өзі жарып жіберді
КИЕВ. 10 сәуір. Мариупольде оккупанттар қоршауында тұрған украин шекарашысы өзін жарып жіберді. Бұл туралы Obozrevatel хабарлады.
«Мариупольде Украина шекара армиясының аға офицері Ресей басқыншыларының қолдарына түспеуі үшін өзімен бірге радиостанцияны жарып жіберді», – делінген хабарламада.
Украин қорғаушысының соңғы сөзі «Слава Украине!» болыпты.
Мұның жайын Украина президенті офисі жетекшісінің кеңесшісі Алексей Арестович жексенбі күні өткен брифингте айтып берді.
Оның айтуынша, шекара әскерінің офицері жараланып қалуы себепті жау қолына түсіпті. Дұшпандары қоршап алған кезде, ол радиостанция оккупанттар қолына түспеуі үшін оны өзімен бірге жарып жіберген.
«Қаһарман шекарашымызға тағзым етеміз», – деді Арестович.