РФ депутаты Украинада Таврия губерниясын қайта ашуды ұсынды
МӘСКЕУ. 10 сәуір. Ресей мемлекеттік думасының депутаты Михаил Шеремет бұрынғы Ресей империясы кезіндегідей украин жерінде Таврия губерниясын қалпына келтіруге ұсыныс жасады. Бұл туралы әзербайжанның Oxy.az сайты хабарлады.
Ол мұнда шешуші рөлді Ресей уақытша басып алған Украина Қырымының атқаратынын айтты.
«Московский комсомолец» газетінің атап көрсетуінше, Шеремет өзінің мәлімдемесінде Украинаның оңтүстігіндегі бірнеше ауданды басып алу керек екенін сөз еткен. Ол сондай-ақ Ресей империясы кезінде бұл аймақта Таврия губерниясы болғанын, оның орталығы Симферополь қаласында орналасқанын, аймақ территориясына Қырым түбегінен бөлек қазіргі Херсон және Запорожье облыстары кіргенін баяндайды. Депутаттың түсінігінше, қазір тап сол аумақта губернияны қайта құруға болады.
Айта кетерлігі сол, Ресей басшылығының империялық амбициялары қазір елдің бұқаралық ақпарат құралдарының насихат нысанына да өте бастаған сияқты. Осылайша агрессор-елде «Ресейдің оңтүстік шебін нығайтуда» бір кездергі кінәз Григорий Потемкиннің тәжірибесін пайдаланып, Украинаның оңтүстік-шығыс аймақтарын уақытша басып алынған Қырыммен бір шеңберде қарастыру керектігі жайлы әңгіме айтыла бастады.