Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан
АҚШ Украинадағы атқылау үшін Путинді жауапқа тартады
ВАШИНГТОН. 9 сәуір. Әлем қауымдастығы Владимир Путинді тағы бір қатыгездігі – Краматорскідегі вокзалды Ресей әскерлерінің зымыранмен атқылағаны үшін жауапқа тартады. Бұл туралы АҚШ-тың Украинадағы елшілігі мәлімдемесіне сүйенген Donpress хабарлады.
«Ресейдің Краматорскідегі теміржол вокзалына зымыранмен шабуыл жасауы, онда ондаған адам қайтыс болып, 100-ден астам адам жарақат алуы, бейбіт тұрғындарды эвакуациялау орталығын оқтың астына алуы оның Украинада жасаған айуандық әрекеттерінің бірі болып отыр. Осы үшін әлем Путинді жауапқа тартады», – делінген Америка дипломатиялық ведомоствосының хабарламасында.