Мәнбе: Ресейде Путинді тақтан тайдыру жолдары әзірленуде
МӘСКЕУ. 9 сәуір. Ресей әкімшілігінде Владимир Путинге қарсы заговор мен мемлекеттік төңкеріс дайындалып жатқаны жөнінде қауесет тарады. Бұл туралы Donpress хабарлады.
Белгілі журналист, сарапшы Игорь Соловей өзінің Telegram-каналында бір мәнбеге сілтеме жасап, осы жайында баяндады.
Оның айтуынша, Кремльде туындап жатқан заговор пісіп-жетіліп қалған.
Соловей атап көрсеткендей, Кремль мен РФ мемлекеттік қауіпсіздік органдары мен күштік құрылымдар арасында осы тарапта екі аптадан бері шайқас жүріп жатыр. Оның қорытындысында бір жақ жеңіске жетіп, қарсы жақты жаппай отставкаға жіберу мен тұтқынға алатын болады.
Ол бірінші топқа РФ Президенті аппаратының басшысы Антон Вайноны, ФСБ директоры Александр Бортниковты, Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковты, Сыртқы барлау басқармасының басшысы Сергей Нарышкинді, Есеп палатасының төрағасы Алексей Кудринді жатқызады. Алда батыстың санкциялары нәтижесінде РФ-ны күйреуге апарғалы тұрған экономикалық апат, Украинадағы соғыс ұзаған сайын орын алуы ықтимал кері зардаптар, Қорғаныс министрлігі мен армияны жайлаған жемқорлық жөнінде Путинге баянат жасап тұратын да осылар.
Журналист екінші топты РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу басқаратынын, оның құрамында Қорғаныс министрінің орынбасарлары Руслан Цаликов пен Тимур Иванов, Президент аппараты басшысының бірінші орынбасары Сергей Кириенко, «Единая Россия» партиясы кеңесінің бас хатшысы, Ресей Федерациясы (Ресей парламентінің жоғарғы палатасы) төрағасының бірінші орынбасары Андрей Турчак, Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров бар екенін жазады.
Соловей сондай-ақ Шойгудың тобы Путиннің орнына Тула облысының губернаторы Алексей Дюминді дайындап отырғанын айтады. Сонымен бірге, Путиннің командасында екінші топқа қарсы тұра алатын күштің бар-жоқ екені әлі белгісіздеу көрінеді. Бұлай болатыны,қазір Кремль басшысының оппоненті жағында күштік және қаржылық құрылымдар болғанымен, Ресейден тыс жерлерде олардың өз қарсыластары жасап отырған байланыстың оннан бірі де жоқ екен. Бірі елдің ішінде, бірі сыртында мықты.
Аналитиктердің пайымдарынша, алдағы апта тек Украинадағы соғыстың тағдырын ғана емес, сонымен бірге Ресейдің өзінің әлемдегі орнын нақты біржолата шешіп беруге тиіс.
Ал бұдан бірнеше күн бұрын Ресейде сөреден шыққан «Нет войне!» атты петицияға қол қойғандар саны кеше миллионнан асып кетті. Акция одан әрі жалғасуда.