Столтенберг: Ресей күштерін жинақтап, жаңа шабуылға дайындалуда
БРЮССЕЛЬ. 31 наурыз. НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресей армиясының күштерін қайта топтастырып, Украинаға жаңа шабуыл ұйымдастыруға дайындалып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы УНИАН хабарлады.
Солтүстік альянстың басшысы НАТО елдерінің барлаушылары Ресейдің әскерлерін ешқайда да әкетпейтінін жеткізгенін айтты. Әзірге құр сөз бен тек көз алдау ғана болып жатыр.
Йенс Столтенберг Брюссельде жүргізген баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде Украинаға қарсы кең ауқымды соғыс бастаған Ресей Федерациясының басқыншы күштерін қайта топтастырып, жаңа шабуыл әрекетін әзірлеп жатқанын баяндады.
«Біз Ресейдің жақында жасаған Киевтің төңірегі мен солтүстік Украинадағы соғыс операцияларының ауқымын азайтатыны жөніндегі мәлімдемесін естідік. Бірақ Ресей бұған дейін де осындай ниеттері бар екенін айтып, артынан олары түгел өтірік болып шыққан. Сондықтан біз оның сөзіне емес, бұдан кейін жасайтын әрекеттеріне ғана сенеміз», – деп атап өтті Столтенберг.
Бас хатшы өзінің сөзінде Ресейдің өз бөлімшелерін әкетіп жатпағанын, оларды қайта толықтырып, Донбасқа жаңа шабуыл жасау үшін басқаша топтастыруға кіріскенін айтты. «Сонымен бір мезгілде Киев пен басқа да қалаларға қысым жасауды сақтап тұр. Сондықтан біз одан тағы үлкен зардаптар әкелетін қосымша шабуыл қимылдары күтеміз». – деді ол.
Альянстың Бас хатшысы сондай-ақ Ресейдің бұл ойсыз-мисыз соғысиы тоқтатып, әскерлерін өз еркімен әкетуі және келіссөзге келуі керек екенін сөз етті.
29 наурыз күні Ресейдің Киев және Чернигов облыстарынан жекелеген бөлімшелерді әкеткен сияқты болып көз алдаушылық әрекет істеп, оларды тек ротация жасауға ұластырып жібергені белгілі болды.
Украина Қарулы күштерінің бас штабы Киевті қоршауда тұрған «әскерді әкету» дегеннің жалған иллюзия екенін атап өтті.
Бұған дейін Владимир Путиннің көмекшісі Владимир Мединский Киев және Чернигов облыстары бағытындағы контингенттің қысқаратынын мәлімдеген болатын.
Оның орнына бүгін түс ауа оккупанттардың Чернигов түбінде волонтерлер толып отырған автобустар колоннасын атқылағаны анықталды. Нәтижесінде бір адам қаза тауып, төрт адам жарақат алған.