Байден: Украина XXI ғасырдағы әлем тарихын өзгертіп береді
ВАРШАВА. 27 наурыз. АҚШ президенті Джо Байден Польшаға жасаған екі күндік сапары барысында әлем үшін Украинадағы соғыстың мәні зор екенін мәлімдеді. Бұл туралы Polska radio хабарлады.
Құрама Штаттар басшысы Польша президенті Анджей Дудамен кездесуі кезінде НАТО-ның Украина мен Польшаға қолдау көрсететінін айтты. «Бұл – біздің қасиетті борышымыз», – деді ол.
«Тағы қайталаймын, бұл – біздің қасиетті борышымыз, мархабат, маған сеніңіздер, сіздер бізге үміт арта аласыздар», – деді Байден соңыра.
НАТО-ның ұжымдық қорғаныс жөніндегі бабында альянстың бір мүше мемлекетіне жасалған қарулы шабуылды өздерінің барлығына қарсы қолға алынған агрессия деп қабылдайтыны атап көрсетілген.
Джозеф Байден мұны кеңейтілген кездесу кезінде айтты. Оған Польшаның мемлекет және әскер басшылары және Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба қатысты. Жиында мәртебелі мейман Украинаның XXI ғасырдың тарихын өзгертіп жіберетінін ауызға алды. Көпшілік елдердің көмегімен батыр жауынгерлі елдің бұл соғыста өзінің және күллі азаттық сүйгіш әлемнің игілігі үшін жеңіске жететінін баяндады.
Осы ретт е АҚШ президенті Украинаға түпкілікті жеңіске жеткенінше көмек көрсететіндерін жеткізді. Оның айтуынша, бұл жолда ешкім де олардың назарын Украинадан аударып әкете алмайды.
Сондай-ақ батыс елдері мен АҚШ Ресейге қарсы қолданылатын санкциялардың жаңа толқынын ойластырып жатқанын айтты. Санкциялар соғыс аяқталғаннан кейін де алынбайды.