Ресей танкішісі қаруластарының кегі үшін командирін басып кетті
КИЕВ. 23 наурыз. Киев облысында ресейлік танкіші өз қаруластарының қазаға ұшырауына кінәсі бар бригада командирін танкісімен басып өтті. Бұл туралы «НВ.ua» хабарлады.
«РФ Қарулы күштерінің 37-ші жеке мотоатқыштар бригадасының командирі полковник Юрий Медведевті өзінің қарауындағы солдат танкімен басып өтті», –деп жазды журналист Роман Цимбалюк Facebook-те.
Мәліметке қарағанда, солдат өзінің Киев облысы жерінде қаза тапқан қаруластарының өліміне бригада командирін кінәлі деп тауыпты.
«Ол ұрыс кезінде қолайлы кезді пайдаланып, қатар тұрған командирін танкімен басып өткен. Осыдан командирдің екі аяғына залал келген. Полковник Медведев қазір Беларусь территориясындағы ауруханада тапсырманы орындау кезінде алған жарақаты үшін төлемақы күтіп жатыр», – деп атап өтті Цимбалюк.