Боррель: Соғыстың тағдыры алдағы 15 күнде шешіледі
БРЮССЕЛЬ. 24 наурыз. Еуропа одағының шетел істері және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Украинадағы соғыстың 15 күнде аяқталатынын мәлімдеді. Бұл туралы «РБК-Украина» хабарлады.
Боррель Ресейдің Украинаға қарсы соғысының шешуші кезеңі алдағы жарты айдың мұғдарына тура келетінін айтты. Ол осы аралықта одақтастардың Украинаға көмек берулерін жалғастыратын жеткізді. Өйткені, мұның маңызы зор.
Испанның TVE телеарнасына берген сұхбатында Жоғарғы өкіл Украинаның қарсылығы тарихта қалатынын білдірді.
Еске сала кетейік, Украина президенті офисінің кеңесшісі Алексей Арестович бұдан алдын бүкіл Украина территориясындағы белсенді ұрыс қимылдары екі-үш аптаның ішінде аяқталатынын айтып еді. Осы уақыт украин әскерлеріне РФ армиясын талқандап шығуға жетеді.
Ресей армиясы өзінің стратегиясын тағы да өзгерткені жазылып жатыр бүгін. Осының алдында ол бар күшін Донбасқа қарай жинақтап еді, енді қайтадан Киевке шабуыл жасауға шешім қабылдапты. Сол үшін Беларуське әскерін тағы жинап жатыр.
Майданда қазір қалайда өзгеріс бар. Енді украин армиясы шабуылға шыға бастады.
Бүгін Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Украинаға қосымша 6 мың жауынгерлік ракета беретіндерін мәлімдеді. Мұның алдында 4 мың ракета берген болатын.
Ресей Федерациясының оқ-дәрі мен қару-жарақ шығарып тұрған 20 әскери кәсіпорны қосалқы бөшектер мен детальдардың жетіспеушілігінен екі аптаның көлемінде жұмысын толық тоқтады. Бұл зауыттар санкция салдарынан шетелдерден керекті бөлшектерді ала алмай отыр.