Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Путин ОДКБ елдері лидерлерінен әскер сұрап, жалынып отыр

КИЕВ. 23 наурыз. Ресей президенті Владимир Путиннің өз армиясы Украинада көп шығынға ұшырағаннан кейін одақтастарынан көмек сұрай бастағаны белгілі болды. Бұл туралы TCH телеарнасы хабарлады.

Украина президенті офисі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Ресейдің барлық бағыттан резервтер тартып жатқанын баяндады. Агрессор елдің көсемі осы ретте Тынық мұхиттағы флот теңізшілерін де, Таулы Қарабақта тұрған бітімгерлерді де осында әкелмек көрінеді.

Бұған қоса, Путин Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымына (ҰҚКҰ – ОДКБ) мүше мемлекеттердің басшыларына қайта-қайта шығып, Украинадағы соғысты жалғастыруы үшін өзіне көмекке әскер күшін беруді сұрап, жалынып отырғаны анықталды. Мұның жайын Подоляк Twitter-де жазды.

Ол Мәскеу гипер дыбысты «Кинжал» («Қанжар») ракетасы мен «Бастион» жағалаулық кешендерін пайдалануды бастағанын мәлімдеді.

Осыдан кейін Польша НАТО әскерлерін бітімгер ретінде Украина жеріне кіргізу туралы мәселе көтерді. Әлбетте, оқиғаның бұлайша айналым алуы Ресейге ұнаған жоқ. Сондықтан Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров мұның соңы НАТО-мен қақтығысқа апаратынын айтып, сес көрсетіп қойды.

Айта кету керек, Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымына мүше елдер қатарында, Ресейден бөлек, Беларусь, Армения, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдері бар.

Суретте: Владимир Путин Ямантаудағы бункерде.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button