Ресей армиясы Изюм түбінде тағы 400 адамынан айрылды
ХАРЬКОВ. 23 наурыз. Ресей оккупанттары Харьков облысындағы Изюм ауданында тағы ауыр соққыға тап болып, 400 жауынгерін оққа ұшырып алды. Бұл туралы «НВ.ua» хабарлады.
Харьков облысының басшысы Олег Синегубов (суретте) Украина Қарулы күштеріне Ресей басқыншыларының ілгері жылжуларын тоқтатып, өздерін түгел жойып жіберудің орайы келгенін баяндады.
«Біздің Қарулы күштеріміз олардың ілгері жылжуларына жол бермей жатыр, ресейліктер осымен талай рет осы жерде масқара болып жеңіліске ұшырады. Жау соңғы шабуылдың кезінде біздің тарапымыздан күйрете соққы алып, жеке құрамының 400-ге жуық адамы мен ондаған техника бірлігінен айрылды», – деп атап өтті Синегубов.
Украина Қарулы күштері Бас штабы украин армиясы соғыстың 27-ші күнінде, яғни кеше жаудың 7 шабуылын қайтарып, 7 танкісін, 2 БМП-сын, 6 артиллериялық жүйесі мен бірнеше автомобилін жойып жібергенін мәлімдеді.
Бұдан бөлек, ПВО бөлімшелері дұшпанның 2 БПЛА-сын, 4 ұшағы мен «Точка-У» ракетасын құртқан. Мұнда 100 қаралы ресейлікті жер жастандырған.