Жаңалықтар жаңғырығыСпорт
Қазақстандық жеңіл атлет әлем чемпионатында қола медаль алды
БЕЛГРАД. 20 наурыз. Қазақстандық жеңіл атлет Надежда Дубовицкая жабық кешендегі әлем чемпионатында биікке секіруден қола жүлдегер атанды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Әлемдік дода Сербия астанасында өтті. Онда Надежда Дубовицкая 1,98 м биікті бағындырып, үшінші тұғырдан көрінді. Ол осылайша жеңіл атлетикадан соңғы 10 жылдан бері бірінші рет жүлде алған қазақстандық спортшы болды. Мұндай атақты соңғы рет 2012 жылы Ольга Рыпакова Ыстамбұлда өткен жаһандық жарысты олжалаған еді.
Бұл жолы Надежда Дубовицкая сегіз елдің спортшысын артта қалдырды. Ол сонымен бірге Азияның жабық кешендегі рекордын қайталады.
Чемпионатта алтын медальды украиналық жас талант Элеонор Паттерсон жеңіп алды.