Баланы қай мектепке берген дұрыс?
Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында қалалық жерде тұратын қазақ ұлтты ата-аналардың алдынан осындай сұрақ шығады. Мәселе жетіге толған бүлдіршінді қазақ және орыс мектептердің қайсысына беру керектігі турасында болып отыр. Шын мәнінде бұл жерде ұлттық ерекшелік пен прагматизм екеуінің бірін таңдау мәселесі тұрады. Бұлардың біріншісі баланың ана тілінде білім алғанын қолай көріп тұрса, екіншісі сапалы білім алып, ой өрісті кеңейту ретінде орыс тілінің артықшылығын танытатындай болып көрінеді. Осы тақырыптағы пікірталас тоқтаусыз жалғасып келеді. Сондықтан біз тағы да оның төңірегінде экспресс-сауалнама жүргізіп көрдік.
Земфира Ержан, kieli7su.kz сайтының бас редакторы:
«Қазақ мектептері білім деңгейінен қалыса қоймайды»
– Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 30 жыл толатын уақыт жақындап қалғанымен, ата-аналар үшін жыл сайын баласын қай тілдегі мектепке берудің әлі өзекті болып келе жатқаны біздің елімізде мемлекеттік тілді дамыту саласында проблеманың жеткілікті екенін көрсетеді. Бұл мәселенің дұрыс шешілмеуі өз кезегінде бізде жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының, сондай-ақ тәуелсіз мемлекет құру идеясын идеологиялық жағынан қамтамасыз етудің тиімсіз болғанын (егер затты өз атымен атасақ, мұны күйреу деуге де келеді) дәлелдейді.
Бұл жерде «прагматизм» ретінде атап көрсетпек болып отырған жайларыңыз шын мәнінде ондай болып шықпайды. Бұл, бір жағынан, қатып қалған және кіреукелі пассеизмді білдіру болса, екінші жағынан, бұл орайда безбен басына патриотизмге орын беріліп отырса, ол бар болғаны прагматикалық идеяларды жамылған маргиналдық тенденция ғана болып шығар еді.
Мұнда ХХ ғасырдың басындағы көптеген қазақтарды туған тілінде оқудан бас тартуға итермелеген себептердің сөзбе-сөз тағы қайталанып тұрғанын қалайша байқамауға болады? Бұлардың бәрінің неге апарып соқтырғаны бәрімізге белгілі: қазақ жұртының айтарлықтай бөлігі кемінде мәңгүрттікке түсті, оның салдары әлі күнге дейін жалғасып келе жатыр. Былайша айтқанда, біз орта мектепте бала оқытуда тіл таңдауды талдай отырып, бұрынғысынша КСРО-да өмір сүріп жатқандай етіп көрсетеміз де, өзімізді баяғыдай кеміс те бақытсыз бейшара інінің кейпіне апарып қоямыз. Бір нәрсе айқын: балаларын қазақ тілді мектепке берген ата-аналар өздерінің тәуелсіз мемлекеттің және өзінің азамат ретінде қалыптасуы дамуы перспективасын таңдап алған болып шығады.
Мен кеңестің орыс мектебін бітірсем, балам тәуелсіздік жылдарында қазақ мектебінен білім алды. Оның оқулықтарын қарай отырып, мен қазіргі заманғы Қазақстанның білім беру жүйесінің кеңес мектебінің дәстүрін ұстанатынын түсіндім. Мұнда да сол кездегідей жаратылыстану ғылымының заңдары талданады, есептерді шешудегі сол классикалық үлгілер беріледі екен. Тіпті қазақ мектептеріндегі орыс әдебиетін оқыту көлемі де көп өзгермепті; бұған қоса, бағдарламаға кеңес кезеңінде оқытылмаған жаңа есімдер енгізіліпті. Мені барынша таң қалдырғаны орыс тілі бағдарламасына қойылған талаптың деңгейі болды, ол керісінше біздің буын кезінде орыс мектебінде оқыған кездегіден анағұрлым жоғары болып шықты. Сондықтан (сондай-ақ елімізде қазақ және орыс тіліндегі мектептер үшін жасалған бағдарламалардың типті екенін ескере отырып) мен қазақ мектептері орыс мектептерінен білім беру тұрғысынан қалып қояды деген сыңайдағы байламдардың бәрі ойдан шығарылған нәрсе деп есептеймін.
Ал сыныптан тыс әдебиетті өзге тілде оқытуға бағыт ұстау жөніндегі тезис ұлттық мектептің тіршілік ету идеясының өзіне келелі кедергі келтіреді. Егер осы қисынға сүйенсек, онда Еуропаның барлық мектептері, тіпті бүкіл әлемнің өзінде жұрттың бәрі әлдеқашан не ағылшын тіліне, не қытай тілінде білім алуға көшіп кеткен болар еді.
Менің көзқарасымша, қазақ ата-аналардың өз балаларын орыс мектебіне берулерінің бір ғана себебі бар, бұл мынадай: олар, шамасы, кейін балаларымыз басқа елде білім алып, сол жақта өмір сүріп қалады, деп санайтын болулары керек. Ал Қазақстанның білім беру жүйесінде қазақ тілі орыс тілінен қалып қояды деген тұжырым негізсіз. Бұл – Қазақстанның қазіргі заманғы мемлекеттілігін нығайтуға кедергі келтіру мақсатында жасалып, ұсынылып жүрген мифтердің бірі.
Арман Құдабай, оқытушы және журналист:
«Қазақ мектептері жүйенің дағдарысынан залал шекті»
– Мынадай бір кереғарлыққа назар аударғым келеді. Бұдан небәрі 10-15 жыл ғана бұрын ата-аналар қазақ мектептерінің жетіспейтініне (әсіресе, қалаларда) және жергілікті жерлерде бұл мәселені шешудің «жасанды» жолмен созыла беретініне шағымданушы еді. Тіпті «таныстары» барлардың өзі балаларын жақын жерлердегі, онда да міндетті түрде қазақ мектебіне орналастыру жайын шеше алмай жүретін… Алайда, біз қазір ата-аналардан қазақ мектептерінде білікті мұғалімдердің жетісе бермейтіні турасында жиі еститін болдық. Бұл шағымдарда өкініш пен үміттің ақталмағанын білдірушілік білініп тұратын. Айтқандай, басқа ұлттардың арасында балаларын қазақ мектептеріне беруге тілек білдірушілер күрт азайып кетті. Менің өз басым көптен бері мұндай деректерді естіген емеспін.
Осы ретте айта кетуіміз керек, Қазақстанда орыс мектептері санының қысқаруына оқу сапасының төмендеуінің түк те қатысы жоқ, бұл негізінен демографиялық және идеологиялық факторлардың әсерінен болып жатыр. Бірақ солай десек те, бұларда оқып жүргендердің 60-70 пайызы титулды этностың өкілдері болып табылады.
Мен, тұтастай алғанда, қазақ және орыс мектептерін таңдау арасындағы таңдауда патриотизм мен прагматизм кедергі болып тұр деп ойламаймын. Мәселе мүлде басқада. Біздің білім министрлерінің таусылмайтын эксперименттері тап мемлекеттік тілде білім беретін мектептерге айрықша кері әсер еткенін мойындайтын уақыт келді. Ең соңғысы, біз іс жүзінде жүйенің дағдарысымен бетпе-бет келіп қалдық, мұны оқушылардың ата-аналары да көрмей, сезінбей және соған сәйкес тиісті шешім шығармай тұра алмайды.
Тек тілдер бағдарламаларын (жеделдетілген үш тұғырлы тіл енгенге дейін) ғана алып көрейік. Мысалы, ағылшын тілін оқыту деңгейі қазақ мектептеріне қарағанда, орыс мектептерінде қашаннан сапа жағынан да, нәтижелілігі жағынан да бір пара жоғары болғаны сөзсіз. Бұған орыс тілді түлектердің шетелдің, соның ішінде Ресейдің жоғары оқу орындарында білім алуға деген басылмас құштарлықтары дәлел бола алады. Әрине, орыс мектептеріндегі қазақ тілінің ахуалы бұған қарағанда нашарлау, бірақ бұл жерде бәрі оқу орны басшыларына – олардың білікті кадрлар тарта білулеріне, бұл пәнге көбірек көңіл бөлулеріне байланысты. Былайша айтқанда, үш тұғырлы тіл бағдарламасы біздің орыс мектептерінде баяғыдан, – бір жерде айтарлықтай табысты, жоғарыдан ешқандай бір нұсқаусыз-ақ – қолданылып жатыр.
Білім жүйесіндегі шенеуніктер көпшілік санатқа шыққан қазақ мектептерін үзіліссіз эксперименттердің, реформалар мен кадрлық ауыс-түйістердің алаңына айналдырып алды. Ал олардың көпшілігінің ашылғандарына әлі он жыл да толмаған еді – толық бекініп, толыққанды ұжым қалыптастырып үлгермеген жоқ-тын (мұндай мектептердің көбінде мұғалімдердің жартысынан көбі дерлік жоғары оқу орындарының айтарлықтай байыпты педогогикалық тәжірибелері жоқ күні кешегі түлектері болып келеді). Оларға базалық пәндер бойынша, соның ішінде ағылшын тілінен де сабақ берудің сапасын арттыруға дағдылануға уақыт берілу керек еді, жоқ, олай етілмеді – мұның орнына жоғарыдан орасан зор жобалар бірінен кейін бірі беріліп жатты. Мұғалімдерді жеделдетілген ағылшын курстарынан өтуге мәжбүр еткен үш тұғырлы тілді оқыту бағдарламасының өзі неге тұрады. Рас, артынан мұның сәтсіз қадам екенін кенеттен мойындалып, оны жүзеге асыру белгісіз мерзімге дейін қалдырылды. Ал осыған жұмсалған миллиондаған ақшаның желге ұшып кеткенін қазір ешкім де есіне алмайды, оған ешкім де жауап бермейді.
Осының бәрі патриоттық қозғалыстың ықпалымен өз балаларын қазақ сыныптарына алып келген ата-аналарды ойландырмай қоймайды, кейін байқай келгенде, бұлардың барысында балаларға салмақты жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік беретін білімнен басқаның бәрі топырлатып берілгенін айғақтап берді. Қазақ мектептері «білімнен бұрын тәрбие беру керек» дейтін ескі қағидаттың, соның салдарынан туындайтын басқа жағдайлардың ықпалынан шыға алмай келеді.
Ержан Бағдатов, консалтинг агенттігінің директоры, тарих магистры:
«Қазақ тілінде білім алу – өмір шындығы ғана емес, ол тренд те»
– Шын мәнінде сіздің өз сұрағыңызда келтірген тұжырымдарыңызбен келіспеу қиын. Расында да жұрттың толқынына қарап, баланы қазақ тілді мектепке немесе балабақшаға беретін, әйтпесе «үлкен көрші» тілінің біздің еліміздегі ареалына байланысты таңдау жасайтын мұндай дилемма бар.
Мұндай айтарлықтай арандатушылығы бар сұраққа жауап беру үшін алдымен мынадай бірнеше сызықты сызып алуымыз керек:
Бірінші сызық, – ол маған көбірек ұнайды, – бұл біздің тіліміздің басқа ештеңенің салыстырмалы болуын айғақтамайтын құқықтық мәртебесі. Конституция сәйкес, қазақ тілі мемлекеттік тіл болып табылады, сондықтан ол тиісінше қорғалуы тиіс. Қазақстан құқықтық мемлекет болғандықтан, тіл мәселесін саяси ұпай жинағысы келгендердің әртүрлі мүдделер қақтығысында айырбас теңгесіне айналып кетпеуі үшін эволюциялық тәсілмен шешуіміз қажет. Мемлекеттік тілдегі білімнің, медицина мен технологиялық процестердің барлық сатылары оның бәсекеге қабілеттілігі мен тартымдылығын көтеру жөніндегі жұмыстардың ажырамас бөлшегі болуға тиіс.
Тіл прогрессивті, яғни үздіксіз дамып отыруы керек. Мұнда, мысалы, күрделі ғылыми-техникалық терминология түсіндіру мен түсінуде қарапайым тілмен жеткізілуі тиіс. Сонда ғана жаһандану дәуірінде бәсекеге қабілеттілік болады. Бұл – 21 ғасырдың талабы. Былайша айтқанда, біз Абайдың тілінде ғылыми жобаларды қорғап, әлемдік деңгейдегі жаңалықтар мен өнертапқыштықтарды аша алатындай дарынды да білімді балаларды тәрбиелеп шығаруымыз, бұған үлкен инвестициялар құюымыз керек. Меніңше, мұндай жетістіктер қазірдің өзінде бар.
Жаһандану дәуірінде сонымен бірге ағылшын тілінде білім алудың тренд екенін де ұмытпасақ керек. Егер мамандарымыз оны білмесе, біздің еліміздің әлем кеңістігінде интеграция жасауы мүмкін емес. Әйтпесе, әлем прогресінен алшақтап, периферияда қалып қою қаупі төнеді.
Екінші сызық – тарихи-географиялық, нақтылай айтқанда, Ресей секілді аса ірі державаның ықпалы ареалында болу. Бұл – табиғи өмір шындығы, оған басқа балама жоқ. Берік тарихи-мәдени, әлеуметтік-экономикалық байланыстар тіл мәселесінде біржақты шығандап кетуді мүмкін емес етіп тастады, өйткені, көп ұлтты Қазақстан бұл салада радикалды қадамдар жасайтын ел емес еді. Мұны тек decision makers (шешім қабылдаушы тұлғалар) ғана емес, сонымен бірге, қарапайым адамдар да жақсы түсінеді.
Сондықтан сіздің сұрағыңызға қайта орала отырып, былай дегім келеді: балаларды мемлекеттік тілде оқытатын білім мекемесіне беру – тек өмірдің қажет шындығы ғана емес, ол және тренд. Ол біздің жағдайымызда оң сипатты тренд, себебі, жергілікті ұлт еместер өкілдері арасында қазақ тіліндегі мектептерге басымдық берушілер өсіп келеді. Бірақ, сөз жоқ, таңдау ата-аналардың өздерінде қала береді.
Бұл – Қазақстан үшін айтарлықтай шетін мәселе. Алайда, ешбір мысқылсыз айтайын: үш тұғырлы тіл дегеніміз – біздің нақты өміріміз, ол айтарлықтай позитивті де нәрсе.
Сауле Исабаева