Жаңалықтар жаңғырығы

Шеруге шығушылар жолды жапты

Алматы облысының Бақтыбай ауылының тұрғындары бүгін Алматы – Өскемен бағытындағы республикалық трассаны жапты. Бұл туралы Sputnik хабарлады.

Ауыл тұрғындарының санкция берілмеген шеруі түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желіде тарады. Онда бірнеше ондаған адамның жолды жауып, ондағы көлік қозғалысын тоқтатып тастағаны көрінеді.

Облыс орталығы – Талдықорған қаласына жақын орналасқан Бақтыбай ауылының тұрғындары осылайша трассадағы жөндеу жұмыстарының сапасыздығына наразылық білдірмек болған. Полиция мұндай оқиғалардың әредік болып тұратынын жеткізді.

Ауыл тұрғындарын автотрассаның өз үйлеріне өте жақын салынғаны қанағаттандырмайды екен. Олар осының өзінен қауіпті көп екенін алға тартады. Мысалы, трасса жағалауындағы үйлердің аулалаларын ұдайы су басып қалады немесе онда әлдеқандай жол-көлік оқиғасы орын алса, машиналар үйге ұшып кіре жаздайды.

Ауыл тұрғындары осында жергілікті билік өкілдерімен кездесті. Онда қандай шешім қабылданғаны әзірге белгісіз. Полицейлер автокөлік қозғалысын әрең қалпына келтірді.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button