17 Қазан, 17:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылордада «Оrda school» мектебі мемлекет меншігіне алынды

27 Желтоқсан 2025 19:17
- Жаңалықтар, Қайнар
Қызылордада «Оrda school» мектебі мемлекет меншігіне алынды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 27 желтоқсан. Қызылордада «Оrda school» мектебін мемлекеттік меншікке алу жөніндегі меморандумға қол қою рәсімі өтті. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Іс-шараға Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, қолға алынып отырған істің маңызына тоқталды.

Меморандумға облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов пен «Orda school» мектебінің құрылтайшысы Мұрат Бақтиярұлы қол қойды. Оған жауапты сала басшылары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, білім саласының қызметкерлері қатысты.

Облыс басшысы өз сөзінде өңірде Мемлекет басшысының, Үкіметтің ерекше қолдауымен жүзеге асқан ауқымды жобалар мен тың бастамалар туралы айтып өтті.

«Аймағымызда жас ұрпақтың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалуда. Соңғы жылдары біз бюджет қаржысының басым бөлігін әлеуметтік салаға, оның ішінде білім саласына бағыттадық. Білім беру саласына соңғы 3 жылда

812 млрд. 245 млн. теңге, биыл 346 млрд 800 млн теңге қаралды. Бөлінген қаржының түпкілікті мақсатқа жетуі мен қаржы бұзушылықтардың алдын алуда нақты шаралар қабылданған. Біздің ең бірінші міндетіміз –  балаларымыздың жан-жақты, сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасап, жайлы орта қалыптастыру», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

«Аймағымызда алғашқылардың бірі болып, тәуекелге бел буып, қаржысын білім беру саласына салған Мұрат Бақтиярұлы ағамыз болатын. Бүгінде «Orda school» жекеменшік мектептерінің желісі 4-ке жетті. Біз де өз кезегімізде таза, шынайы жұмыс жасайтын кәсіпкерлерді үнемі қолдап келеміз. «Сабалақ» саяжайы аумағы жыл сайын кеңейіп, халық саны артқанын ескерсек, «Orda school – 2» жеке мектебінің перспективасы зор», – деді Нұрлыбек Нәлібаев сосын.

«Әрбір ата-ана баласының заманауи ғимаратта оқып, білімді болғанын қалайды. Бұған дейін жеке мектепте 336 оқушы тегін оқып келді. Мұрат Бақтиярұлы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 2023 жылдың қыркүйегінде ашылған «Orda school – 2» жекеменшік мектебін облыстық коммуналдық меншікке беру жөнінде шешім қабылдады. Жас өрендеріміздің игілігі жолында жасаған батыл қадамыңыз үшін Сыр жұртшылығы атынан шынайы алғысымызды білдіреміз! Бәсекеге қабілетті, заманның жаңа шақыртуларына дайын, озық ойлы ұрпақ тәрбиелеу – мемлекет алдындағы стратегиялық маңызды міндет. Барша бастамаларыңызға сәттілік тілеймін және бірлесе жұмыс атқаруға шақырамын!», – деді аймақ басшысы.

Енді бұл білім беру ұйымы №297 орта мектеп болып қайта құрылып, мемлекеттік мекеме ретінде жұмысын жалғастырады. Бұған дейін  саяжайдан қаладағы мектептерге қатынап оқуға мәжбүр болған 326 оқушының мәселесі толық шешімін табады.

Басқосуда «Orda school» мектебінің құрылтайшысы, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Бақтиярұлы, «Ұлағат» мектебінің құрылтайшысы Қалқазбек Әжібеков, «Зерде» мектебінің құрылтайшысы Сейтқали Алшынбаев сөз сөйледі.

Таңбалар: мектепмемлекетменшікМұрат Бақтиярұлы

Ұқсас мақалалар

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Жаңалықтар

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

18.09.2026
Бүгін елімізде 380 мыңнан аса бүлдіршін мектептің бірінші сыныбына барды
Жаңалықтар

Бүгін елімізде 380 мыңнан аса бүлдіршін мектептің бірінші сыныбына барды

01.09.2026
ӘСКЕРДЕН ҚАЙТҚАН СТУДЕНТ
Жаңалықтар

ӘСКЕРДЕН ҚАЙТҚАН СТУДЕНТ

17.06.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist