Жаңалықтар жаңғырығыРуханият

Әлем Ресейдің агрессиясына қай қырынан қарап отыр?

Шетел баспасөзі Украинадағы соғыс хақында жазып жатыр

МИНСК. 14 наурыз. Ресейдің мерзімді басылымдары мен телеарналарына соғысты «соғыс» деп атауға тыйым салынып жатқанда бүкіл әлемнің бұқаралық ақпарат құралдары агрессияға өзінің нақты бағасын беріп жатыр. Беларусьтің «Белсат» сайты дүние жүзінің көптеген басылымдарының бұл соғыста қалай көрсетіп жатқанына шолу жасап шықты.

«Бұл соғысқа әлем қай қырынан қарап отыр? Шетелдер баспасөзі Ресейдің Украинаға жасаған шабуылының екі аптасында күн сайын дерлік бас мақала жазып жатыр», – делінген хабарламада.

Көптеген саясаттанушылар 24 ақпанға дейін-ақ бұл соғыстың болмай қоймайтынын ашық айтып жатты. Бұған бұқаралық ақпарат құралдары да белсене араласты. Мысалы, Польшаның «Gazeta Polska» басылымы өзінің 23 ақпан күні шыққан нөмірінде «Жын-тәж: Путин Еуропа мен әлемді отқа орай ма?» деген бас мақала жариялады. Ал ертеңіне Ресей тұтқиылдан Украинаға қанқұйлы соғысын бастады да, әлгіндегі сұрақ жұрттың бәрінің көкейіндегі мәселеге айналды.

АҚШ-тың «The Wall Street Journal» газеті кешке шыққан нөміріне «Ресей Украинаға шабуыл жасады» деген мақала басты.

Украинаның «НВ» басылымы сол күні «Кремлівьска божевільня» деген бас мақалаға орын берді. Оны орысшаға аударғанда «Кремлевский дурдом», ал қазақшасы «Кремль жындыханасы» болып шығады.

Ресейдің «Новая газетасы» 25 ақпан күні тарихта бірінші рет орыс тілімен қатар украин тілінде басылды. Бұл редакция журналистерінің украиндармен ынтымақтастықта екенін білдіруге тиіс болатын. Оның бас мақаласы «Россия. Бомбит. Украину» деп аталды. Бір сөйлемді осылай үш бөліп ұсынды. Газет «Фейк туралы» деген арнайы заң шыққаннан кейін соғысты «соғыс» деп жазбауға келісті, бірақ сайттағы бірқатар материалдарында Ресейдің шабуыл жасағаны жайлы жаңылмай жаза берді.

«Советский спорт» үшін соғыс басталғалы «Не до футбола» болды. Басылым 25 ақпаннан бастап тап осындай «шапкамен» шығып тұрды. Бірақ тап мұндай позицияны Ресейдің басқа көптеген газеттері ұстай қойған жоқ.

Ұлыбританияың «Metro» газеті бір нөмірге «Еуропадағы соғыс»деген мақала жариялап, оның астына «Украинаға басып кірген Путин XXI ғасырдың Гитлері болды» деген тақырыпша қойды.

Қытай БАҚ-тары да қатардан қалмады. Олар барынша ұстамдылық танытқандарымен, соғыс туралы жазып жатыр. Бірақ оның суреттерін сирек көрсетеді. Осы елде шығатын «Shanghai Daily» газеті алғашқы күні «Ресей Украинаға шабуыл жасап жатыр» деп жазыпты.

Француздың ең таралымы көп «Le Figaro» газетінің бас мақаласы «Еуропадағы соғыс» деп баяндап тұр.

Ұлыбританияның «The Guardian» газеті бас мақаласында «Путин жарылды» деп бейнелепт.і Бұл, негізі, «жынданды», «жынданып кетті», «жын қақты» деген мағынаны ыңғайлайды.

АҚШ-тың әйгілі «The New York Times» үнпарағы «Украинадағы соғыс» деп бастапты.

Ал «Daily Mail» 26 ақпандағы нөмірінде «Киев – өжеттік қаласы» деп айқындапты.

Бразилияның «O Globo» басылымы осы күнгі санында «Киев үшін шайқас» деп, алапат қырғыннан материал ұсынады.

Польшаның «Fakt» деген газеті 28 ақпанда «Слава Україні!» деп ұрандатып шықты.

Ал Францияның «Le monde» деген келесі газеті 1 наурыз күні «Еуропа Украинаны қолдау үшін бірікті» деп атап көрсетті.

Поляктың «Polityka» басылымы осы күні «Путиннің сталиндік соғысы» деп жазып, оған лағнет айтты.

«Time» журналы Владимир Зеленскийдің сөйлеген сөзінен «Өмір – өлімді, жарық қараңғыны жеңеді» деген сөйлемді алып, бастақырып етіп қойыпты.

«Адамды жаппай өлтіруші Путин» деген мақала 3 наурыз күні Германияның «Bild» газетіне жарық көрді.

«Украиндар, біз сіздермен біргеміз» дегенді Польшаның «Wprost» атты журналы ағынан ақтарыла айтты.

Британияның «The Sun» журналының «Экстремалды гангстер» деген бас мақаласында Путиннің украиндарды «экстремист» және «қарақшы» деп атағанына қарсылық білдіріліп, оның өзінің бандит екені атап өтіледі. .

Ұлыбританияда шығатын «The Economist» бастақырып орнына қанға бөккен украин жалауын іліп қойыпты.

Италияның «La Repubblica» газеті 6 наурызда соғыс тақырыбындағы мақаласын «Үзіліссіз соққылау» деп атайды. Ол Ирпень қаласын снарядтың астына алған Ресей армиясын сынайды.

Чехияның «Respekt» деген газеті ««Путиннің біздің өмірімізге қарсы күресі» деп ашығын айтады.

Британияның «Daily Express» газеті 8 наурыз күні «Біздің Путинді жеңу үшін төлейтін құнмыздың бағасы» деп алып, коммуналдық қызмет бағасынан күрт өсіп кетуін талқылайды.

Литвада тіпті орыс тілді газет те Ресей агрессиясын қолдамайды. Атап айтқанда, «Литовский курьер» басқыншылардың әрекеттеріне қарсылық білдіреді.

Испанның «El Pais» газеті 10 наурызда агрессордың Мариупольде перзенхананы атқылауын сынайды.

«Украина соққыға шыдап тұр. Ал агрессордың жағдайы барған сайын нашарлай түсуде» деп жазады Украинаның «Країна» журналы.

Португалияның «Sábado» газеті «Зеленский – еркін әлемнің қаһарманы» деп атады.

Немістің «Der Spiegel» журналы 12 наурызда «Путин финалы» деген мақала жариялады.

Жалпы, Украинадағы соғыс туралы жазбай жатқан басылым жоқ.

 

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button