Ресейде соғысқа қарсы акцияға шыққан 900 адам қамалды
МӘСКЕУ. 14 наурыз. Ресейде Украинаға қарсы жүргізіліп жатқан агрессиялық соғысқа қарсы шығып, көшелерде шеру түзген адамдардың 900-ден аса адам қамауға алынды. Бұл туралы «ОВД-Инфо» хабарлады.
Мұндай шаралар бір күннің ішінде федерацияның 38 қаласында өткен.
SOTA телеграм-арнасы Санкт-Петербургтегі Гостиний дворда өткен акция кезінде полицейлердің редакциялардың ерекшелік белгілерін тағып алған бірнеше журналисті автозактерге апарып тоғытқанын айтып жатыр. Олар сосын Санкт-Петербургтен шамамен 50 шақырым жердегі Кронштадт қаласының полициясы бөліміне апарылған.
Мәскеуде Манеж алаңында өткен акция барысында полиция тіпті көшеден жай өтіп бара жатқан әйелдерге дейін сүйреп әкеткен. Ал Камергер тұйығында Кремльдің саясатын қолдайтын елірмелер жиналған. Олар «Катюша» әнін айтып, соғысқа дем беріп, екпіндетіп тұрған. Полицияның бұлармен жұмысы да болмаған.
Мұндай митингілер Белгород, Ижевск, Иркутск, Челябі, Екатеринбург секілді тағы көптеген қалаларда етек жайған.
Акцияға жиналғандар Путиннің Украинада салып жатқан сойқанына қарсылық білдірген.