Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

АҚШ Песков пен оның әйеліне қарсы санкция енгізді

НЬЮ-ЙОРК. 12 наурыз. АҚШ Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков пен оның ересек балаларына қарсы санкция қабылдады. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

«Біз Ресей Мемлекеттік думасының Донецк және Луганск халық республикалары деп аталатын құрылымдарды мойындауға бағытталған шараларға басшылық жасаған 12 мүшесіне, сондай-ақ Дмитрий Песковтың әйелі мен ересек балаларына қарсы санкция енгіземіз», – деді АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Нед Прайс брифингте.

Осы күні сонымен қатар Италияның қаржы гвардиясының Ресей миллиардері Андрей Мельниченконың құны жарты миллиард еуро тұратын яхтасына құлып (арест) салғаны да белгілі болды.

Бұдан бір апта алдын Италияда Ресей бизнесмендерінің құны 140 млн еуроға жуық бес позиция санкция құрсауына түскен болатын. Олар Алишер Усмановтың Сардиниядағы вилласы, Олег Савченконың Тоскандағы вилласы, Владимир Соловьевтың Комо көліндегі вилласы, Алексей Мордашов пен Геннадий Толмачевтың яхталары еді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button