Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық
Гаага соты Ресей мәселесін қашан қарайтыны белгілі болды
БРЮССЕЛЬ. 2 наурыз. Гаага халықаралық соты Украинаның талап-арызы бойынша Ресейдің мәселесін қарайтын күнінің датасын атады. Бұл туралы Reuters хабарлады.
БҰҰ-ның Нидерландтың Гаага қаласында орналасқан халықаралық сотының Украинаның Ресейге қарсы берілген талап-арызы бойынша қашан тыңдау жасайыны анықталды. Онда Ресей әскерлерінің Украинада соғыс қимылдары, олардың бейбіт тұрғындардға қаншалықты залал келтірлгендері тексеріледі.
Украина президенті Владимир Зеленский осының алдында Гаага трибуналына Ресейге қатысты мәселелер тапсырылғанын айтып еді. Ал Украинада Ресейдің басқыншылық соғысы әлі жалғасып кетеді.
Гаага халықаралық соты 7-8 наурыз күндері Ресейдің бейбіт халықты қырғаны жайлы мәселені талқылайды.