Жапондар Ресеймен соғысу үшін Украинаға келгелі жатыр
КИЕВ. 2 наурыз. Ресейге қарсы соғысқа қатысу үшін Украинаға алыстағы Жапониядан 72 адам келе жатыр. Бұл туралы Reuters хабарлады.
Жапондар Украина президенті Владимир Зеленскийдің 27 ақпан күні енді құрылғалы жатқан халықаралық легионға шақыруын қабыл алған болып шықты. Қазірге дейін бұл легион сапында басқыншы жаумен соғысуға 1 мыңнан аса адам тілек білдіріп үлгерді.
Жапон жауынгерлерінің бірі – Жапонияның оңтүстік-батысында тұратын 39 жастағы офис қызметкері Кенчи Куроги үйсенбі күні Украина елшілігіне телефон арқылы хабарласқанын айтты.
«Мен Украинада қолдарына қару-жарақ ұстап тұрған қария мен әйелді көргеннен кейін өзімнің осы майданға келіп, жаңағы кісілердің орнында соғысқа қатысуым керек екенін түсіндім», – деді ол.
Алайда, қажетті әскери тәжірибесі кем болғаннан кейін Украина елшілігіндегілер оның ұсынысымен келісе қоймапты.
Мұның есесіне, сейсенбі күні украин легионына баруға тілек білдірген 72 адам қабылданыпты. Олардың 50-і бұрынғы сарбаздар болса, тағы 2 адам француздың шетелдік легионы құрамында болыпты.
Жауынгер жапондар жақын күндерде Украина жеріне келіп жетеді. Олар жергілікті сарбаздармен бірге басқыншыларға қарсы, оларды ел шебінен қуып шыққанша соғысады.